Жаңалықтар
🎙 Тікелей эфир – сұрақ-жауап
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты РММ бас директорының міндетін атқарушы Нұрланов Медет Нұрланұлымен тікелей эфир өтеді.
🗓 Күні: 25 маусым
🕒 Уақыты: 15:00
Тікелей эфир барысында орман шаруашылығы, табиғатты қорғау, резерваттың қызметі және басқа да өзекті мәселелер бойынша сұрақтарыңызды қойып, жауап ала аласыз.
📲 Сұрақтарыңызды тікелей эфир кезінде пікірлерде қалдыруға немесе алдын ала жолдауға болады.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
#ЕртісОрманы #ТікелейЭфир #СұрақЖауап #ОрманШаруашылығы #ТабиғаттыҚорғау
2026 жылғы 22 маусымда «Ертіс орманы» МОТР РММ орталық кеңсесінің мәжіліс залында мекеменің инфрақұрылымын дамыту және мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалануға беру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.
Іс-шара барысында:
▪️ инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарының жобасы;
▪️ мемлекеттік орман қоры учаскелерін орман пайдалануға беру мәселелері;
▪️ мүдделі тұлғалардың ұсыныстары мен ескертулері қаралды.
Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік органдар өкілдерінің, қоғам өкілдерінің және өзге де мүдделі тараптардың қатысуымен өткізілді.
Іс-шараға қатысып, белсенділік танытқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
#ЕртісОрманы#ҚоғамдықТыңда#ОрманШаруашылығы#МемлекеттікОрманҚоры
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ Қазақстан Республикасының Орман кодексіне және мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалануға беру қағидаларына сәйкес қоғамдық тыңдаулардың өткізілетіні туралы хабарлайды.
📅 Қоғамдық тыңдаулардың өткізілетін күні: 2026 жылғы 22 маусым
🕒 Өткізу уақыты: сағат 15:00
📍 Өткізу орны: «Ертіс орманы» МОТР РММ орталық кеңсесінің мәжіліс залы, мекенжайы: Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленин көшесі, 60.
Қоғамдық тыңдауға ұсынылатын мәселелер:
1. «Ертіс орманы» МОТР РММ инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарының жобасын қарау.
2. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру.
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін қысқа мерзімді орман пайдалануға беру.
4. Мүдделі тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстарын қарау.
📖 Қаралатын мәселелер бойынша материалдармен Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленин көшесі, 60 мекенжайында орналасқан «Ертіс орманы» МОТР РММ туризм және экологиялық ағарту бөлімінде танысуға болады.
✉️ Ескертулер мен ұсыныстар 2026 жылғы 23 маусымды қоса алғанға дейін Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Шалдай ауылы, Ленин көшесі, 60 мекенжайындағы туризм және экологиялық ағарту бөліміне, сондай-ақ
Қоғамдық тыңдауларға мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, сондай-ақ мүдделі жеке және заңды тұлғалар шақырылады.
📞 Анықтама телефоны: 8 (705) 456-71-08.
Қоғамдық тыңдаулардың ұйымдастырушысы:
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты»
Жазғы маусымда орман өртінің қаупі арта түседі. Кейде бір ғана сөндірілмеген от немесе абайсыз тасталған темекі тұқылы орны толмас зардапқа әкелуі мүмкін.
⚠️ Өрттің негізгі себептері:
• рұқсат етілмеген жерде от жағу;
• сөндірілмеген темекі немесе сіріңке;
• құрғақ шөпті өртеу;
• отпен абайсыз әрекет ету.
📌 Қарапайым ережелерді сақтаңыз:
✅ Орманда от жақпаңыз;
✅ Қоқыс пен жанғыш заттарды қалдырмаңыз;
✅ Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
✅ Демалыс аяқталған соң өрт қаупін толық жойғаныңызға көз жеткізіңіз.
🚨 📞 Өрт белгілері анықталған жағдайда дереу хабарлаңыз:
• 101 – Өртке қарсы қызмет
• 112 – Бірыңғай құтқару қызметі
• Резерваттың кезекші қызметі: +7 705 601 96 80
🌿 Табиғатты бірге қорғайық!
🌿 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
Бүгінгі жауапкершілігіміз – ертеңгі жасыл орманның кепілі.
#өртқауіпсіздігі #ормандықорғайық #ертісорманы #табиғатқақамқорлық
Leptopyrum fumarioides түрі “Ертіс орманы” МОТР РММ аумағында алғаш рет тіркелді. Бұл түр жергілікті жерлерде ғана кездеседі, саны аз популяциялармен ұсынылған және орман табиғи резерватының флоралық алуантүрлілігін нақтылау тұрғысынан ғылыми қызығушылық тудырады.
#ЕртісОрманы#Орман#Табиғат#Биоалуантүрлілік#СирекӨсімдіктер
«Марш парктер» табиғат қорғау акциясы аясында «Ертіс орманы» МОТР РММ туризм және экологиялық ағарту бөлімінің қызметкерлері Шалдай орта мектебінің жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілеріне «Пластикке екінші өмір» атты шеберлік сабағын өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар пластик қалдықтарының қоршаған ортаға тигізетін әсері, оларды азайту жолдары және қайта өңдеудің маңыздылығы туралы ақпарат алды. Практикалық бөлімде балалар пайдаланылған пластик материалдардан түрлі пайдалы әрі сәндік бұйымдар жасап, оларға жаңа өмір сыйлады.
Шеберлік сабағы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын түсінуге ықпал етті.
🌱 Осындай іс-шаралар өскелең ұрпақтың қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық санасын қалыптастыруға септігін тигізеді.