Жаңалықтар

Құрметті әріптестер, сала мамандары және табиғатты сүйетін барша жан! ⠀ Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Дүниежүзілік туризм күнімен шын жүректен құттықтаймыз! ⠀
Туризм – елдің экономикалық дамуына серпін беретін, мәдениет пен табиғатты танытатын маңызды сала. ⠀ Бүгінгі күні экотуризмге, табиғатты аялауға, қорғалатын аумақтарды сақтауға деген сұраныс артып келеді. Бұл – біздің ортақ жауапкершілігіміз. ⠀
Баршаңызға шығармашылық табыс, жаңа биіктер мен шабыт тілейміз!
Қазақстанның әсем табиғаты мен бірегей байлығы арқылы туризм саласын дамыта берейік! ⠀ Мерекелеріңізбен!

2025 жылғы 25 қыркүйекте Басқұдық орманшылығы аумағында республикалық ”Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында кең ауқымды тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. ⠀
Іс-шараға орманшаруашылық қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлардан құралған 20 адам қатысып, қоршаған ортаға жанашырлықпен өз үлестерін қосты. ⠀
Нәтижесінде: — 0,7 тонна тұрмыстық қалдық жиналды — 1,2 гектар жер аумағы тазартылды ⠀
Табиғат — ортақ қазына. Оны сақтау — ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Жергілікті популяция – тұрақты.
⠀
Жүргізілген камералық және далалық бақылаулар Ертіс орманында кәдімгі борсықтың популяциясы экологиялық тепе-теңдікте екенін көрсетті. Бұрын тіркелген дарақтардың белсенді әрі сау күйде, ал жаңадан төртінші дарақтың пайда болуы — отбасылық топтың сәтті көбеюінің нақты белгісі.
⠀
Күзгі мінез-құлық анық тіркелді:
🔹 інді тазалау және нығайту;
🔹 інді жылытуға арналған материал (жапырақ, шөп, мүк) жинау;
🔹 қысқы ұйқыға дайындық (май жинау және іңнің ішін ұйымдастыру);
🔹 топ ішіндегі үйлесімді әрекет — борсықтардың жоғары әлеуметтік байланысын айғақтайды.
⠀
🔍 Бұл мәліметтер популяция жағдайын бағалау үшін маңызды және борсықтардың табиғи ортаға бейімділігі жоғары екенін көрсетеді.
⠀

2025 жылғы қыркүйек айында республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Тайбағар орманшылығының қызметкерлері табиғатты қорғауға бағытталған кезекті “Таза Өлке” сенбілігіне белсене қатысып, қоршаған ортаның тазалығы жолында маңызды жұмыс атқарды.
Іс-шара барысында:
— 1,1 гектар аумақ қоқыстан тазартылды;
— 1,1 тонна тұрмыстық қалдық жиналды;
— 13 қызметкер сенбілікке атсалысты.
Бұл бастама табиғатқа жанашырлық пен жауапкершілік танытудың нақты көрінісі болып табылады. Қызметкерлер тек аумақты тазалап қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосты.
Осындай сенбіліктер резерват аумағының тазалығын сақтап қана қоймай, қоғамда табиғатқа деген құрмет пен экологиялық сананы нығайтуға септігін тигізеді.

2025 жылғы қыркүйек айында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Басқұдық орманшылығының мемлекеттік инспекторлары мен аңшылықтанушысы биотехниялық іс-шаралар аясында кезекті рейд жүргізді.
Рейд барысында орман алқабы араланып, жабайы жануарларды қоректендіру орындарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жануарлардың жүріп өтетін негізгі соқпақ жолдары мен іздері тексеріліп, олардың белсенділігі мен мекендеу аумағы бағаланды.
Биотехниялық іс-шаралардың басты мақсаты — жануарлар дүниесін қорғау, қолайлы жағдай жасау, азықтық базаны қолдау және табиғи тепе-теңдікті сақтау. Қыс мезгіліне дейін жүргізілетін бұл жұмыстар жануарлардың тіршілік ету ортасына оң әсер етеді.
Мұндай жүйелі жұмыстар резерват аумағында экожүйенің тұрақты дамуына, жабайы жануарлар популяциясының сақталуына және қорықтық тәртіптің сақталуына ықпал етеді.

«Ертіс орманы» РММ мемлекеттік орман қоры аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан ағаштың орман патологиялық жағдайы мен тауарлық сапасына баға беру жұмыстары жүргізілді.
⠀
Зерттеу барысында мамандар ағаштардың келесі ақауларын анықтады:
— жарықтар мен жарылулар,
— шіру белгілері,
— зиянкес жәндіктермен зақымдану,
— саңырауқұлақ аурулары.
⠀
Жүргізілген талдау орман алқаптарының қазіргі жағдайын анықтауға және орман ресурстарын ұтымды пайдалану мен сауықтыру шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.
⠀

Шақа жалпы орта білім беру мектебінің оқушыларына арнап «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды.
⠀
Іс-шараның мақсаты — жас ұрпаққа туған өлкенің табиғи байлығын таныстырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру.
⠀
Оқушылар биоалуантүрліліктің маңызын түсініп, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің тепе-теңдігін сақтау жолдарын білді.
⠀
Табиғатты қорғау – әр адамның борышы!
⠀

Орман патологы мен ғылыми бөлім мамандары зиянкес жәндіктің санын іріктемелі қазба әдісімен анықтау жұмыстарын жүргізуде.
⠀
Бұл жұмыс жәндіктің таралу ошақтарын уақытылы анықтап, қылқан жапырақты ормандарға келетін зиянның алдын алуға бағытталған.
⠀
Жиналған деректер зияндылық деңгейін болжауға және орманды қорғау шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Осы маңызды күні «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері жергілікті тұрғындармен бірлесіп «Таза орман – Таза өлке»атты сенбілік өткізді.
⠀ Табиғат тазалығы – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз. Бірлескен еңбектің арқасында қоршаған ортаға қамқорлық танытып, аумақ қоқыстан тазартылды.
⠀
Табиғатты аяла – болашаққа жол аш!
⠀

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Бесқарағай филиалына қарасты «Шақа жалпы білім беретін орта мектебінің» 4, 6–9-сынып оқушылары “Таза өлке” сенбілігін өткізді.
⠀
Өндірістік оқу шебері Ахмедиева А.А. жетекшілігімен өткен бұл шарада мектеп орманшылығының жас мүшелері туған өлкеге деген жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.
⠀
Бірлескен еңбектің нәтижесінде:
— 100 кг-нан астам тұрмыстық қоқыс,
— 50 кг-ға жуық пластик бөтелкелер жиналды.
⠀
Табиғатты аялау — әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Қоқысты кез келген жерге тастамаңыз — таза өлке өзімізден басталады!
⠀