Нұрғалиев Жаслан Тәңірбергенұлы Шоқтал ауылында туған, 10 жылдан астам уақыт «Ертіс орманы» МОТР РММ мекемесінде қызмет атқаруда. Жоғары білімді, Торайғыров университетін бітірген. 2016 жылдан бастап Тайбағар орманшылығында орман шебері болып жұмыс істеді, ал 2024 жылдан бастап «Жерді алаң» орманшылығының бас орманшысы лауазымын атқаруда.

«Орман – менің жай ғана жұмысым емес, үлкен жауапкершілік пен маңызды миссия, – дейді Жаслан Тәңірбергенұлы. – Басқарушы ретінде ұжымның жұмысын тиімді ұйымдастыруға және орман ресурстарын қорғау мен сақтау бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бар күшімді саламын».

Жаслан Нұрғалиев тәжірибелі маман әрі жауапты жетекші ретінде лайықты құрметке ие.

 

 

image-20-10-25-12-46.jpegimage-20-10-25-12-46-1.jpegimage-20-10-25-12-46-2.jpegimage-20-10-25-12-46-3.jpegimage-20-10-25-12-46-4.jpegimage-20-10-25-12-46-5.jpeg