Қарағай орманы ортасында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының зиярат ету сипатындағы алғашқы туристік бағыты – керемет «Ғабдұл Уахит Хазрет» кесенесі тұр.

Бұл бағыттың бірегейлігі – еліміздің қасиетті жерлерінің бірі болып табылатын қарағай өлкесінде есімі аңызға айналған хазіреттің жерленген жері.

Емдеуге деген үміт пен сеніммен, қастерлі тілектердің орындалуына, Хазірет кесенесіне жыл бойы Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, жақын және алыс шетелдерден (Ресей, Германия) көптеген адамдар ағылады.

Қарағайлы орманның тыныштандыратын атмосферасы және қасиетті жағымды аурасы кесене аумағына аяқ басқан әр адамды баурап алады.

Кесене аумағында орманда болудың барлық ережелері, қасиетті жерде жүріс-тұрыс ережелері сақталуы тиіс.

Кесенеге келген кезде сізді шырақшы Ермек аға қарсы алады /Хазрет шәкірттерінің ұрпақтарының бірі/.

Шырақшы Хазіреттің өнегелі өмірі, айтқан сөздері, оның ерекше табиғаттан тыс қабілеттері, өмірінде болған ғажайып уақиғалары туралы айтып береді.

Қазіргі кезде келушілер ем алып қана қоймай, адам түсінігінен тыс ғажайыптарды сезінеді.

Келушілер дәрет алғаннан соң, шырақшы оларды Хазрет жатқан кесенеге апарып, құран дұғаларын оқып, Алладан келушілер үшін тілек тілейді.

Осы күні кесенеге электр қуаты тартылып, түнде аумақ жарықтандырылады. Beeline байланысы бар.

Түнегісі келетіндер үшін қонақ үй бар. Үйдің ішінде «зам-зам» қасиетті суы бар құдық, төсек, ыдыс-аяқ, тұрмыстық техника бар.

Қонақ үйдің аумағында тамақ дайындауға «Қазандық», құрбандық шалуға арнайы орындар бар.