Жануарлар әлемі
Резерват қарағайлы орманының жануарлар әлемі өте алуан түрлі. «Резерват құрудың техникалық негіздемесі (Алматы, 2002)» деректері бойынша ормандарда сүтқоректілердің 40-қа жуық түрі және құстардың 50 түрі мекендейді.
Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әртүрлі таксономиялық дәрежелерін олардың таралуы алдағы уақытта зерттеледі.
Резерват құрылған уақыттан бастап резерват қызметкерлері жануарлар әлемінің түрлік әртүрлілігін зерттеуді бастады. Алынған мәліметтер бойынша:
* омыртқалы жануарлардың-13 отрядтың құсты 50 түрі, 10 тұқымдастың 19 жануар түрі;
* омыртқасыз жануарлардың-зиянды орман жәндіктерінің 32 түрі, энтомофагтардың 11 түрі.
Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына бүркіт, ителгі, безгелдек, бүркіт, орман сусары енгізілген.
Аңшылық түрлері-құстардан отүйрек, сұр үйрек, аңдардан –ақ қоян, қасқыр, түлкі, қарсақ, елік, бұлан, сілеусін, борсық, тиін.
Жануарлар дүниесі туралы толық емес мәліметтер келтірілген, әрі қарай зерттеліп, анықталған кезде олар толықтырылып, нақтыланатын болады.
Резерваттағы жануарлардың индикаторлық түрлері
Сібір елігі (Capreolus pygargus) - салыстырмалы түрде қысқа денелі, жеңіл және сымбатты кішкентай бұғы. Құлақтары ұзын (12-14 см), үшкір; құйрығы рудиментті (2-3 см), түгінің астында жасырылған. Түсі бір түсті – жазда жирен, қыста сұр. Жаңа туған еліктердің түгінде ашық түсті теңбіл дақтары болады. Терісі қалың. Ешкісі мүйізсіз, текесінің наурыз – мамырда толық жетіліп, қараша – желтоқсанда түсетін 3 – 5 ашалы мүйізі (25 – 40 см) болады.
Бұлан (Alces alces)- Аталығының денесінің ұзындығы 3 м-ге дейін, биіктігі 2,3 м-ге дейін, құйрығының ұзындығы 12-13 см; салмағы 360-600 кг. Аналығы кішірек. Сыртқы түрі бойынша бұлан басқа бұғылардан айтарлықтай ерекшеленеді. Денесі мен мойыны қысқа, алқымы биік, өркеш тәрізді. Аяқтары өте ұзын, сондықтан су ішу үшін бұлан суға терең түсуге немесе алдыңғы аяқтарына тізерлеуге мәжбүр болады. Басы үлкен, ілгек мұрынды, үстіңгі ерні салбыраған етті.
Ақ қоян (Lepus timidus) Құлақтары ұзын (7,5-10 см), бірақ ор қояндікінен айтарлықтай қысқа. Құйрық әдетте тұтас ақ; салыстырмалы түрде қысқа және дөңгелек, ұзындығы 5-10,8 см.
Ор қоян (лат. Lepus europaeus) Дене тұрқы 53 – 69 см, салмағы 3,5 – 5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қар жамылғысы салыстырмалы түрде таяз және қатты аймақтарда мекендейді.
Тиін (Sciuros vulgaris exalbidus Pallas, 1778) Оның тұрқы 16 – 28 см, салмағы 450 – 600 г. Түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын (23 см-ге дейін). Құлағында шашағы болады. Ұясын ағаш басына кейде кеуегіне не жартас жарығына салады. Тиін – тұрғылықты аң, бірақ қорегі (шырша, т.б. қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы) тапшы болса, кейбір жылдары жаппай қоныс аударуы мүмкін. Қысқа қарай қор жинайды.
Сілеусін (Lynx lynx)
Сілеусін-үлкен иттің мөлшеріндегі қауіпті жыртқыш. Дене тұлғасы мығым әрі жұмырланып келеді, құйрығы қысқа. Құлақтары үшбұрышты, үшкір, ұштарында қара шоқ қылшықты шашағы бар. Табандары ұзын, күшті. Басы кішкентай дөңгелек.Үстіңгі етті ернінде ірі қылшықты ұзын мұртшалары бар. Тұмсығы қысқа, көздері кең. Жылына екі рет түлейді: көктемде және күзде. Терісі ұзын жұмсақ, қалың. Жон арқа тұсының түктері қызғылт-қоңырқай, ал құрсақ тұсындағы түктері ақшыл-бозғылт түсті. Сілеусіннің түгі қалың әрі үлпілдеп тұрады. Аяқтары біршама жуан әрі ұзын. Арқа тұсындағы түктерінде қарақошқыл көптеген ұсақ дақтары бар. Құйрығы жуан, оның ұзындығы 20-31 см жұмырланып ұшы шорт кескен бөренедей болып көрінеді. Дене ұзындығы 82-105 см, құйрығы 20-31 см Салмағы 8-15 кг.
Кәдімгі ақкіс (лат. Mustela erminea) сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын жыртқыш сүтқоректі аң. Дене тұрқы 16 – 30 см, құйрығының ұзындығы 6 – 12 см, салм. 120 – 370 г. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыры ақ түсті болса, қыста денесінің жүні аппақ келеді. Өзіне ұқсас ақ қалақтан айырмашылығы – құйрығының ұшы қара болады. А. негізінен тоқалтістермен, су тышқандарымен, бақа, кесіртке, балық, ондатрлармен және сондай-ақ ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Азығын аулауға көбіне түнде шығады. Ақпан – мамырда ұйығып, 9 айдан соң 8 – 9-дан күшіктейді. А. жылына екі рет – көктем мен күзде түлейді.
Қасқыр (Canis lupus) Кеудесі кең, орташа құлақты. Қысқа тік құйрықты.
Қасқырлар бір жасында жыныстық жетіледі, бірақ 3-5 жасында көбейе бастайды. Жүктілік 62-65 күнге созылады. 3-тен 10-13-ке дейін (әдетте 7) соқыр күшік туады. Қасқырлардың көздері 9-12-ші күні ашылады. Екінші аптаның соңында олар әдетте дыбыстарға жауап бере бастайды, ал үш аптадан кейін олар алғаш рет ұядан шығады және сол уақытта ет дәмін тата бастайды.
Кәдімгі түлкі (лат. Vulpes vulpes) – жыртқыштар отрядының иттер тұқымдасына жататын аң. Түсі жирен, сұрғылт сары. Құлағының сырты қара не қара қоңыр, құйрығы ұзын (ұзындығы 60 см-дей), қысқа сирақты. Жүні тығыз әрі жұмсақ. Реңі жыл маусымына қарай өзгеріп отырады (түлейді): жоны мен бүйірі көбінесе сарғыш жирен, бауыры мен құйрығының ұшы ақшыл тартады.Тұрқы 70 – 77 см, салмағы 6,5 – 6,8 кг. Селдір орманды ашық жерлерді, өзен-көл жағалауларын, аңыз, тау баурайларын мекендейді. Күндіз інінде жатып, түнге қарай қорегін іздейді. Әдетте ұсақ жәндіктермен, көбінесе тышқандармен қоректенеді, қорегінің құрамында 300-ден астам жәндік пен ондаған өсімдік түрлері болады. Моногамды. Қаңтар – ақпан айларында ұйығып, 49 – 58 күннен кейін 4 – 6 (кейде 15) күшік туады. Терісі бағалы аң, әсіресе, қарабурыл Түлкінің терісі жоғары бағаланады. Кеміргіштерді жеп, ауылы шаруашылығына пайда келтіреді.