Жаңалықтар
«Жас орманшы» мектеп орманшылығының мүшелері үшін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық жүргізілді. Іс-шараға еңбек қауіпсіздігі бөлімінің маманы Н.Н.Куликова қатысты.
Қатысушыларға ЕҚТП аумағында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптары, сондай-ақ табиғатқа жауапкершілікпен қарау және орманды ұқыпты пайдалану нормалары түсіндірілді.
Қауіпсіздік – бәрінен бұрын!
27, 30 және 31 қазан күндері туризм бөлімі мамандары «ЭКСПРЕСС ТУР» ЖШС-мен бірлесіп, Павлодар қаласындағы №34 мектептің 2–4 сынып оқушыларына танымдық экскурсия ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және табиғатты қорғау мен өңір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мамандықтарға қызығушылығын арттыру болып табылады.
Экскурсия барысында оқушылар дендросаябаққа, орман өртін сөндіру кезінде қаза тапқан мемлекеттік инспекторларға арналған ескерткішке, орман өрт станциясына, орман тұқымбағына, авиациялық бөлімшеге және шекара бекетіне барды.
Экскурсия кезінде резерват мамандары балаларға қарағай көшеттерін өсіру, орманды қорғау мен қалпына келтіру, орман өрттерінің алдын алу және оларды сөндіру шаралары, авиациялық қызметтің жұмысы мен шекара бөлімшелерінің міндеттері туралы әңгімелеп берді.
Жемқорлықтың алдың алу мәселелеріне арналған кезекті кеңес өтті.
Кездесу барысында:
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі қағидалары;
• Қызметте ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету шаралары қаралды.
Мұндай іс-шаралар адалдық пен әділдік мәдениетін қалыптастыруға, қоғам сенімін арттыруға және резерваттың тиімді жұмысын қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Бірге адалдық, ашықтық және жауапкершілік құндылықтары басым қоғам құрамыз!
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының ұжымы баршаңызды осы маңызды мерекемен құттықтай отырып, бейбітшілік, өркендеу және еліміздің жасыл байлығын сақтауды тілейді!
Матановтар отбасы – орман шаруашылығына адал қызмет етіп, табиғатқа деген сүйіспеншіліктің үлгісі.
Әулеттің орман шаруашылығындағы жалпы еңбек өтілі 91 жылды құрайды.
Осы уақыт ішінде әулеттің 6 өкілі орманды қорғау мен қалпына келтіру ісінде еңбек еткен немесе қазіргі таңда да қызмет етуде.
Тоқтарбаевтар отбасы – орман шаруашылығына адал қызмет етіп келе жатқан еңбек әулеті.
Әулеттің орман шаруашылығындағы жалпы еңбек өтілі 143 жылды құрайды.
Осы уақыт ішінде отбасының 25 өкілі орман шаруашылығында еңбек еткен немесе қазіргі таңда да қызмет етуде.
Куликовтар отбасы – өмірін орман шаруашылығына арнаған нағыз еңбек әулеті.
Әулеттің орман шаруашылығындағы жалпы еңбек өтілі 161 жылды құрайды.
Осы уақыт ішінде әулеттің 9 өкілі орманды қорғау мен қалпына келтіру ісінде еңбек еткен немесе қазіргі таңда еңбек етуде.
Қарашашевтар отбасы – орман шаруашылығына адал қызмет етіп келе жатқан еңбек әулеті.
Әулеттің орман шаруашылығындағы жалпы еңбек өтілі 166 жылды құрайды.
Осы уақыт ішінде 8 отбасы мүшесі орман саласында еңбек еткен немесе бүгінгі күні де жұмысын жалғастырып келеді.
Жұмабековтар отбасы – өз ісіне адалдық пен табиғатқа деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.
Әулеттің орман шаруашылығындағы жалпы еңбек өтілі – 198 жыл.
Осы уақыт ішінде отбасының 16 өкілі өмірін орманды қорғау мен қалпына келтіру ісіне арнаған.