Жаңалықтар
«Ертіс орманы» МОТР РММ аңшылықтанушы міндетін атқарушы Қанат Егембердиев және Шалдай филиалының «Жерді алаң» орманшылығының аңшылықтанушысы Диас Досымхан «Халық радиосы» эфирінде «Аң аулауға тыйым салынады» тақырыбында сұхбат берді.
Сұхбат барысында мамандар мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында аң аулауға тыйым салынғанын айтып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтың белгіленген режимін сақтау қажеттігін және оны бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
🌲 Жабайы табиғатты және оның мекендеушілерін қорғау — баршамызға ортақ міндет.
«Ертіс орманы» МТОР РММ ұжымы «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде III орын иеленген Қармановтар отбасын шын жүректен құттықтайды! 👏
Бұл марапат – берік отбасылық құндылықтардың, бірлік пен өзара сыйластықтың, өнегелі дәстүрлердің лайықты бағасы.
💐 Қармановтар отбасына зор денсаулық, бақ-береке, отбасылық бақыт және жаңа жетістіктер тілейміз! Шаңырақтарыңызда әрдайым сүйіспеншілік, татулық пен молшылық орнасын!
Құттықтаймыз!
🌾 2026 жылғы 31 тамызда сағат 16:00-де “Ертіс орманы” МОТР РММ ТКжНҚҚ бөлімінің орман қорғау инженері Салтанат Зупаровна Есумканованың қатысуымен тікелей эфир өтеді.
🔥 Тікелей эфир тақырыбы: «Өртсіз шабындық»
Тікелей эфир барысында шөп шабу жұмыстарын жүргізу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері және табиғи өрттердің алдын алу шаралары туралы сөз қозғалады.
Сіздерді тікелей эфирге белсенді қатысуға шақырамыз! Эфирге қосылып, өздеріңізді қызықтырған сұрақтарды қоя аласыздар. Сұрақтарыңызға тікелей эфир барысында жауап беріледі.
📅 Күні: 2026 жылғы 31 тамыз
⏰ Уақыты: 16:00
🌲🔥 Сіздерді тікелей эфирде күтеміз!
#ЕртісОрманы #ӨртсізШабындық #ӨртҚауіпсіздігі #ТікелейЭфир #ҚауіпсізШабындық
«Ертіс орманы» МОТР РММ ТКжНҚҚ қызметкерлері шабындық жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және табиғи өрттердің туындауына жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ қауіпсіз шөп шабудың негізгі ережелері көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды.
🌲 Еске саламыз: өрт қауіпті кезеңде орман алқаптарына жақын жерлерде техниканы пайдалану және ашық отпен жұмыс істеу кезінде аса сақ болу қажет. Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау өрттің алдын алуға және орманды сақтауға көмектеседі!
#ЕртісОрманы #ӨртҚауіпсіздігі #ШөпШабу #ӨрттіңАлдынАлу #ОрмандыҚорғайық #РейдтікІсШаралар
«Ертіс орманы» МОТР РММ ерекше қорғалатың табиғи аумағында аң аулауға тыйым салынатынын еске саламыз.
ЕҚТА бірегей табиғи кешендерді, орман экожүйелерін және жабайы жануарлардың мекен ету ортасын сақтау мақсатында құрылған. 🫎🦌🌲
🚫 Тұрғындар мен резерват қонақтарын белгіленген тәртіпті сақтауға, табиғатқа ұқыпты қарауға және заңсыз аң аулауға жол бермеуге шақырамыз.
⚠️ Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.
🌿 «Ертіс орманы» МОТР РММ жабайы табиғатын бірге қорғайық!
#ЕртісОрманы #ЕҚТА #АңАулауғаТыйымСалынады #ЖабайыТабиғат #ТабиғаттыҚорғау #ТабиғаттыАялайық #Орман #ПавлодарОблысы
Шабындық кезеңінде өрт шығу қаупі арта түседі. Сондықтан орман қорына іргелес аумақтарда шөп шабу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды.
⠀
✅ Шөп шабу техникасы өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы тиіс;
✅ От жағуға, темекі шегуге және ашық отты пайдалануға қатаң тыйым салынады;
✅ Шабындықта өрт сөндіру құралдары (су, күрек) міндетті түрде болуы қажет.
⠀
⚠️ Ережені бұзу – орман өртіне, ал ол үлкен экологиялық және материалдық шығынға алып келуі мүмкін.
⠀
📞 Өрт немесе түтін байқасаңыз, дереу хабарласыңыз:
101 – Өрт қызметі
112 – ТЖ қызметі
+77056019680 – Резерват кезекшісі
⠀
🌱 Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік!
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында минералданған жолақтарды жаңарту және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. 🌲🔥
Жұмыстар барысында минералданған жолақтардың жағдайы тексеріліп, қажет жерлерінде топырақ қабаты жаңартылып, өрттің таралуына тосқауыл болатын қорғаныс шептері қалыпқа келтірілуде.
Бұл — орман өрттерінің алдын алуға бағытталған маңызды профилактикалық шаралардың бірі. Минералданған жолақтар өрттің таралуын шектеуге және орман алқаптарын қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
🌿 Орманды қорғау — ортақ міндет!
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, табиғатты бірге қорғайық!