Жаңалықтар
 
		
		Осы айтулы күні «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар «Таза Орман — Таза Өлке» атты экологиялық сенбілік өткізді.
⠀
 Іс-шараға 40-тан астам адам қатысып, орман аумағынан 1,3 тонна тұрмыстық қалдықтар жиналды.
⠀
 Табиғатты аялау — әрбіріміздің ортақ міндетіміз!
 
		
		2025 жылғы 16 қыркүйекте Павлодар қаласында қонақ үй бизнесі мен туроператорлар өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті.
⠀
Іс-шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы @atameken_kz кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ұйымдастырды.
⠀
Резерваттың туризм және экологиялық ағарту бөлімі мамандары да семинарға қатысты.
⠀
 Спикерлер:
🔹 Ерлан Шакаримов — «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ бас менеджері
🔹 Ақбота Даурен — бас менеджер
🔹 Жанерке Орымбек — жастар тәжірибешісі
🔹 Алмас Сетербаев — агро және ауыл туризмі қауымдастығының вице-президенті, GII ЖШС директоры («Медовая Марка»)
⠀
 Қатысушылар:
— Қызметтерді стандарттау,
— «Сапа белгісі» бағдарламасы,
— Гидтер қызметін цифрландыру,
— Агро және ауыл туризмін дамыту бойынша құнды білім алды.
⠀
 Іс-шара соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
 
		
		Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті 2025 жылғы 17 қыркүйекте «Ертіс орманы» резерватында туризм мен рекреацияны дамыту мәселелері бойынша шешім қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету және басқару тиімділігін арттыру мақсатында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
⠀
Отырыстың басты мақсаты – Даму Бас жоспары жобасын талқылау, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм мен рекреациялық қызметті дамытуға байланысты өзекті мәселелерді қарау болды.
⠀
Келесі бағыттар бойынша ұсыныстар қаралды:
— туристік ағынды арттыру,
— келушілерге арналған инфрақұрылымды жақсарту.
⠀
 Сонымен қатар, «Ертіс орманы» резерватында бақылау-өткізу пунктін (БӨП) ашу мәселесі көтерілді.
⠀
Қатысушылар БӨП-тің қажеттілігін атап өтті:
— аумақты қорғауды күшейту,
— адамдар мен көліктердің кіруі мен шығуын бақылау,
— браконьерлік пен ластанудың алдын алу,
— қызметтер мен табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы алу.
⠀
Бұл Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» №175 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
⠀
Отырыс қорытындысы бойынша резерват аумағын тиімді басқару мен туризмді тұрақты дамытуға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар қабылданды.
⠀
 
		
		Біздің суаттағы жаңа бейнеүзіндіміз— осы сұраққа айқын жауап! 
⠀
🦌 еліктер
🦌 бұлан
🐗 қабан
🐆 сілеусін
🦡 борсық бір суат басына келді.
⠀
Суат — бұл ормандағы жай ғана шалшық емес. Бұл:
— аптапта тіршілік көзі,
— әртүрлі жануарлардың кездесетін орны,
— экожүйені сақтаудың маңызды бөлігі.
⠀
Әрбір тамшы су — жабайы табиғат үшін өмір сүру мүмкіндігі.
⠀
Табиғатты қорғайық, ол — біздің жанымызда.
⠀
 
		
		А.Н. Бөкейхан атындағы Қазақ орман шаруашылығы және агромелиорация ғылыми-зерттеу институтында «жабық тамырлы отырғызу материалын өсіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
⠀
Іс-шараға мемлекеттік орман табиғи резерватының мамандары да қатысты.
⠀
 Жиын барысында Беларусь және Татарстан Республикаларының жабық тамырлы жүйедегі орман тұқымбақтарын дамыту тәжірибесі таныстырылды.
⠀
Презентацияда мұндай бірегей кешенді құру үшін:
— ғылыми негіз,
— білікті кадрлар,
— шетелдік тәжірибені зерттеу,
— жарық (күн энергиясы),
— тұщы су көздері,
— сапалы субстраттар қажет екені айтылды.
⠀
Жиын соңында Щучинск қаласындағы Орман тұқымбағы кешенінің салтанатты ашылуы өтті.
Мұнда биылғы сәуір мен маусым айлары аралығында 500 000 дана қарағай көшеттері (биіктігі 10–15 см) өсірілді.
⠀
 
		
		“Таза Қазақстан” акциясы аясында өтіп жатқан ”Таза Өлке” іс-шаралар жоспарына сәйкес С.Шайтановтың ескерткіші маңында санитарлық-тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
⠀
Іс-шараның мақсаты — табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қосу және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
⠀
🧹 Тазалық – тәртіптің айнасы!
 
		
		Озон қабаты-Жерді зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғайтын атмосферадағы қорғаныс экраны. Оның жойылуы аурудың өсуіне, өнімділіктің төмендеуіне және экожүйелердегі жағымсыз өзгерістерге әкелуі мүмкін.
✅ Монреаль хаттамасына — озон қабатын қорғау жөніндегі халықаралық келісімге қол қою құрметіне БҰҰ Бас Ассамблеясы жыл сайын 16 қыркүйекте атап өтілетін Дүниежүзілік озон қабатын қорғау күнін құрды.
📌Қазақстан 1997 жылы Монреаль хаттамасына қосылып, өзіне алған міндеттемелерін дәйекті түрде орындайды. Министрлік озонды бұзатын заттарды тұтынуды азайту, қауіпсіз технологияларды енгізу және экологиялық бақылауды күшейту бойынша жұмыс жүргізуде.
🌐 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
 
		
		Жылыту маусымының басталуына байланысты «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты тұрғындарға ескертеді:
🌲 Заңсыз ағаш кесу — заңмен қудаланады және әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.
⠀
📌 Отындық ағашты босату тәртібі бойынша ақпаратты келесі байланыс нөмірлері арқылы біле аласыздар:
☎️ 87183643252
📆 Дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 08:00–18:00-ге дейін.
🏡 Түскі үзіліс: 12:00–14:00.
⠀
Табиғатты бірге қорғайық!
⠀
 
		
		Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды. Басты назар 2025 жылдың 8 қыркүйегінде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойған міндеттер қаралды.
✅ Министрліктің алдында Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеу міндеттері тұр.
🔺Жолдаудың тармақтарын орындау мақсатында Министр жауапты құрылымдық бөлімшелерге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бастаманың мемлекетаралық сипатының маңыздылығын ескере отырып, қолданыстағы бағдарламалық құжаттар негізінде халықаралық тәжірибені зерделей отырып, Каспий теңізінің су ресурстарын сақтау жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.
🌐 Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk
