Қазіргі уақытта мамандар мен жалдамалы жұмысшылар Бауртал және Сейтен орманшылықтарында агротехникалық күтім шараларының кешенін жүргізуде. Жас орман көшеттеріне күтім жасау арамшөптерді қолмен отау, топырақты қопсыту және қажетсіз өсімдіктерді жою жұмыстарын қамтиды. Бұл көшеттердің жақсы өсіп, дұрыс дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Жас орман екпелеріне уақтылы әрі сапалы күтім жасау – орманды қалпына келтіру жұмыстарының маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл болашақ ұрпақ үшін сау, төзімді және өнімді ормандарды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

🌲 Әрбір көшетке ұқыпты қарау – еліміздің орман байлығын сақтау мен көбейтуге қосылған маңызды үлес.

#ЕртісОрманы #ШалдайФилиалы #ОрманҚалпынаКелтіру #ОрманКөшеттері #ОрманШаруашылығы