Орман тұқымбағының жұмысшылары жас өскіндердің сапалы өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай жасау мақсатында агротехникалық күтім шараларын жүргізуде. Жұмыстар қатарына арамшөптерді қолмен отау, топырақты қопсыту, суару және арамшөптерді жою кіреді.

Отырғызу материалына уақтылы күтім жасау – болашақта орман қорын қалпына келтіру және сақтау жұмыстарында пайдаланылатын кәдімгі қарағайдың (Pinus sylvestris) сау әрі мықты өскіндерін өсірудегі маңызды кезең.

🌲 Тұқымбақтарға бүгін жасалған қамқорлық – ертеңгі жасыл орманның кепілі!

#ЕртісОрманы #ОрманТұқымбағы #КүтімЖұмыстары #ОрмандыҚалпынаКелтіру #ОрманҚорғау #ТазаҚазақстан #Экология #ОрманШаруашылығы