Жаңалықтар
2026 жылғы 22 қаңтардағы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырмасын орындау аясында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бас директорының м.а. жетекшілігімен жұмыс тобы (заңгер, туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары) Алматы облысының мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне жұмыс сапарымен барды.
27–31 қаңтар аралығында келесі ұлттық парктерге барды:
- «Көлсай көлдері» МҰТП
- Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Сапар барысында қызметкерлер келесі бағыттар бойынша озық тәжірибелермен танысты:
- тендерлік рәсімдерді ұйымдастыру
- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жер пайдалану бойынша құжаттаманы жүргізу
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инфрақұрылымын дамытуға арналған бас жоспарды әзірлеу
- туристік және рекреациялық қызмет үшін жер учаскелерін ұсыну
- бақылау-өткізу пункттерінің жұмысы және келушілерді есепке алу мен төлем жасаудың заманауи жүйелері
- туристік қызметті ұйымдастыру және сала мамандарымен өзара іс-қимыл
Алынған практикалық тәжірибе «Ертіс орманы» МОМТР РММ қызметіне еңгізіліп экологиялық туризмді одан әрі дамытуға, инфрақұрылымды жетілдіруге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталады.
Біз тұрақты әрі экологиялық жауапты туризмді дамыту жұмыстарын жалғастырамыз
Орман шаруашылығындағы негізгі мәселелердің бірі – орман екпелерінің жерсінуі мен сақталу деңгейінің төмендігі. А.Н. Бөкейхан атындағы ҚазОШҒЗИ (ҚаЗНИИЛХА) ғылыми зерттеулерінің деректеріне сәйкес, бұған басты себеп – топырақ ылғалдылығының жеткіліксіздігі, әсіресе көктемгі кезеңде.
Вегетация басталғанға дейін топырақта ылғалды сақтау мақсатында Шалдай филиалының Сейтен орманшылығының аумағында қар тоқтату жұмыстары жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар топырақта ылғалдың жиналуына ықпал етіп, орман екпелерінің жерсіну деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
«Ертіс орманы» МОТР РММ-нің табиғи кешен және нысана қорғау қызметі бөлімінің қызметкері Мусатаев Р.Қ., сондай-ақ туризм бөлімінің мамандары Рахметова Г.Н. мен Бегимова Г.С. «Арбиген жалпы орта білім беретін мектебінің» КММ оқушыларына танымдық дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға орман ресурстарына ұқыпты қараудың маңыздылығы, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелері, қоршаған ортаны ластаудың жол берілмейтіні және браконьерлік үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған өлкенің табиғатына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
«Ертіс орманы» МОТР РММ-нің табиғи кешен және нысана қорғау қызметі бөлімінің қызметкері Мусатаев Р.Қ., сондай-ақ туризм бөлімінің мамандары Рахметова Г.Н. мен Бегимова Г.С. «Галкино орта жалпы білім беретін мектебінің» КММ оқушыларына танымдық дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға орман ресурстарына ұқыпты қараудың маңыздылығы, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелері, қоршаған ортаны ластаудың жол берілмейтіні және браконьерлік үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған өлкенің табиғатына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
«Ертіс орманы» МОТР РММ туризм бөлімінің мамандары Шалдай ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағында мектеп орманшылық «Жас орманшы» мүшелері үшін «Қысқы драйв» мини-турнирін мектеп орманшылық жоспарына сәйкес өткізді.
Балалар жарыстарға белсенді қатысып, ептілік, тапқырлық және командалық рухтарын көрсетті, логикалық тапсырмаларды шешіп, таза ауада қызықты міндеттерді орындады. Қысқы ауа райы да балаларға көңілді әрі қызықты уақыт өткізуге кедергі болмады!
Бұл шара балаларға денсаулықтарын нығайтуға, уақыттарын пайдалы өткізуге және табиғатқа қамқорлық жасау мен экологияның маңыздылығын түсінуге мүмкіндік берді.
Шалдай филиалының аңшылықтанушылары жабайы жануарлардың санын сақтау және қолдау мақсатында белсенді жұмыстар атқаруда:
- Қысқы мезгілде жануарларды азықтандыру
- Минералдық тепе-теңдікті сақтау үшін тұз орналастыру
- Браконьерлікке қарсы күрес
Әр күніміз – табиғатты сақтауға қосқан үлес!
Шалдай филиалының аңшылықтанушылары жабайы жануарлардың санын сақтау және қолдау мақсатында белсенді жұмыстар атқаруда:
- Қысқы мезгілде жануарларды азықтандыру
- Минералдық тепе-теңдікті сақтау үшін тұз орналастыру
- Браконьерлікке қарсы күрес
Әр күніміз – табиғатты сақтауға қосқан үлес!
«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Ертіс орманы» МОТР РММ туризм бөлімінің мамандары «Жас орманшы» мектеп орманшылығының мүшелері үшін «Табиғат әлемі – қолөнер көзі» атты экологиялық көрме өткізді.
Көрме барысында балаларға табиғи материалдардан қоршаған ортаға зиян келтірмей қандай бұйымдар жасауға болатыны көрсетілді. Оқушылар дайын жұмыстармен танысып, қиялдарын дамытып, табиғи ресурстарды сақтаудың маңыздылығын түсінді.
Іс-шара шығармашылық арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатынын көрсетті.
Шарбақты ауданының мектептерінде қоршаған ортаны қорғауға және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түрлі іс-шаралар өткізілуде.
Акцияға Шегірен мектебі де белсенді қатысады. Мұнда оқушылар үшін экологиялық ойындар ұйымдастырылып, мектеп аумағын тазалау жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға арналған шығармашылық шеберлік сабақтары өтуде.
Шегірен мектебінің педагогикалық ұжымы табиғатқа саналы әрі жауапкершілікпен қарайтын, оның болашағына қамқор бола алатын жас ұрпақты тәрбиелеуді басты мақсат етеді.
Біз бірге балаларды қоршаған ортаны бағалауға және еліміздің таза әрі жасыл болашағына өз үлесін қосуға үйретеміз!