Жаңалықтар
Мемлекеттік орман қоры аумағында жұлдызшалы тоқығыштың (Acantholyda posticalis) популяциясын анықтау және талдау бойынша орманпатологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
⠀
Бұл жұмыстардың мақсаты – алдағы вегетациялық маусымда имаголардың (ересек жәндіктердің) ұшып шығуын болжау және қылқанжапырақты орман алқаптарына келуі мүмкін зиянды бағалау.
⠀
⠀
Жиналған мәліметтер зиянкес жәндіктің жаппай таралуының алдын алу үшін орман қорғау шараларын уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.
⠀
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының Бесқарағай филиалы тазалық жұмыстарына белсене қатысты.
Іс-шара Шақа ауылы маңында ұйымдастырылып, акцияға барлығы 30 адам — филиал қызметкерлері, мемлекеттік инспекторлар мен жергілікті тұрғындар атсалысты.
Нәтижесінде 2,6 гектар аумақ тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, экологиялық тәртіп пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды жұмыс атқарылды.
Бұл бастама — табиғатты аялауға деген жанашырлық пен ұжымдық жауапкершіліктің жарқын көрінісі.
Табиғатты таза ұстау – әрбір азаматтың міндеті!
Орман — табиғаттың баға жетпес байлығы, тіршілік тынысы. Оны сақтау мен қорғау — әр азаматтың борышы.
⠀
Осы бағытта орман қызметкерлері күн сайын тынымсыз еңбек етуде. Олар орманды заңсыз кесу, өрт қауіпсіздігі мен табиғи тепе-теңдікті сақтау жолында тұрақты түрде күзет жұмыстарын жүргізіп, рейдтік іс-шаралар өткізуде.
⠀
Орманшылардың кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігі — жасыл желектің амандығының кепілі.
⠀
Құрметті азаматтар! Орманды қорғау — ортақ іс. Табиғатқа жанашырлықпен қарап, заң талаптарын қатаң сақтайық!
⠀
Орман өрттерінің алдын алу және орман қоры аумағындағы құқықбұзушылықтардың жолын кесу мақсатында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары жоспарлы рейдтік іс-шаралар өткізді.
Іс-шара барысында орман алқаптары толық тексеріліп, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы мен заңсыз ағаш кесуге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Құрметті азаматтар! Орман – халық байлығы. Оны өрттен қорғау, заңсыз кесулердің алдын алу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Табиғатты аялау арқылы келер ұрпаққа үлгі болайық!
“Биоалуантүрлілікті сақтау” тақырыбындағы дәріске Майқарағай жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қатысты. ⠀ Іс-шара барысында оқушылар туған өлкенің табиғи байлығымен, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігімен танысып, табиғатты қорғаудың маңыздылығы жайында мағлұмат алды. ⠀
Балалар ерекше қорғауға алынған түрлер туралы тыңдап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған сұрақтарға белсенді жауап берді. ⠀
Мұндай дәрістер жас ұрпақтың табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастыруға және экологиялық сананы дамытуға зор ықпал етеді. ⠀
Республикалық ”Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке ”Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерватының Басқарма қызметкерлері де белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. ⠀
Сенбілік барысында аумақ қоқыстан тазартылып, табиғатқа жанашырлық танытылды. ⠀
Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғи аумақтарды сақтау мен абаттандыруға бағытталған. ⠀
Тазалық — әрқайсымыздан басталады! ⠀
Жерді Алаң орманшылығының ұжымы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ұйымдастырылып жатқан жалпы республикалық сенбілікке белсене қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. ⠀
Іс-шара барысында: — 0,6 тонна тұрмыстық қалдық жиналды, — 1,3 гектар аумақ тазартылды. ⠀
Сенбілікке орманшылықтың 13 қызметкері қатысты. Олар қоршаған ортаны тазартумен қатар, экологиялық мәдениетті насихаттап, табиғатқа жанашырлықтың үлгісін көрсетті. ⠀
«Таза табиғат — жарқын болашақ кепілі!» ⠀
Құрметті әріптестер, сала мамандары және табиғатты сүйетін барша жан! ⠀ Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Дүниежүзілік туризм күнімен шын жүректен құттықтаймыз! ⠀
Туризм – елдің экономикалық дамуына серпін беретін, мәдениет пен табиғатты танытатын маңызды сала. ⠀ Бүгінгі күні экотуризмге, табиғатты аялауға, қорғалатын аумақтарды сақтауға деген сұраныс артып келеді. Бұл – біздің ортақ жауапкершілігіміз. ⠀
Баршаңызға шығармашылық табыс, жаңа биіктер мен шабыт тілейміз!
Қазақстанның әсем табиғаты мен бірегей байлығы арқылы туризм саласын дамыта берейік! ⠀ Мерекелеріңізбен!
2025 жылғы 25 қыркүйекте Басқұдық орманшылығы аумағында республикалық ”Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында кең ауқымды тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. ⠀
Іс-шараға орманшаруашылық қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлардан құралған 20 адам қатысып, қоршаған ортаға жанашырлықпен өз үлестерін қосты. ⠀
Нәтижесінде: — 0,7 тонна тұрмыстық қалдық жиналды — 1,2 гектар жер аумағы тазартылды ⠀
Табиғат — ортақ қазына. Оны сақтау — ұрпақ алдындағы жауапкершілік.
Жергілікті популяция – тұрақты.
⠀
Жүргізілген камералық және далалық бақылаулар Ертіс орманында кәдімгі борсықтың популяциясы экологиялық тепе-теңдікте екенін көрсетті. Бұрын тіркелген дарақтардың белсенді әрі сау күйде, ал жаңадан төртінші дарақтың пайда болуы — отбасылық топтың сәтті көбеюінің нақты белгісі.
⠀
Күзгі мінез-құлық анық тіркелді:
🔹 інді тазалау және нығайту;
🔹 інді жылытуға арналған материал (жапырақ, шөп, мүк) жинау;
🔹 қысқы ұйқыға дайындық (май жинау және іңнің ішін ұйымдастыру);
🔹 топ ішіндегі үйлесімді әрекет — борсықтардың жоғары әлеуметтік байланысын айғақтайды.
⠀
🔍 Бұл мәліметтер популяция жағдайын бағалау үшін маңызды және борсықтардың табиғи ортаға бейімділігі жоғары екенін көрсетеді.
⠀