Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Құжаттар
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский

rezervat@mail.kz

Жаңалықтар

Назар аударыңыз-төтенше өрт қаупі! Құрметті Шарбақты және Аққулы ауданының тұрғындары!

Төтенше өрт қауіптілігіне байланысты азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарына толық жауапкершілікпен қарауға шақырамыз: от жақпау, сөндірілмеген темекі тұқылдары мен басқа да от көздерін тастамау, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу және аумақтарды жинау кезінде шөптерді өртемеу. Кішігірім өрттерге бей-жай қарамаңыз, өйткені ауданда қалыптасқан қолайсыз ауа-райының әсерінен тіпті ұшқын ауқымды өртке айналуы мүмкін.
Аудан тұрғындары мен қонақтары, өрт туындаған жағдайда, шетте қалмаңыз, мүмкін болса, оны жою бойынша шаралар қабылдаңыз. “101” немесе “112” 87056019680 нөмірлері арқылы орман күзетіне және өрт сөндіру бөліміне дереу қоңырау шалыңыз!

 

Қызыл кітапқа енген гүлдер гүлдеді – оларды қорғау бәрімізге ортақ міндет!

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты – табиғи байлығымыздың алтын қоры. Бұл аумақта өсімдіктердің 📊 247 түрі тіркелген. Оның ішінде 📕 7 өсімдік түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Яғни бұл – жойылып кету қаупі бар, сирек кездесетін ерекше өсімдіктер.
 
Бүгінгі таңда резерват аумағында көктемнің нәзік көркі – Қызыл кітапқа енген гүлдер жаппай гүлдеп тұр:
 
🌺 Көктемгі жанар гүлі – Ерте көктемде гүлдейтін, көздің жауын алатын ерекше өсімдік. Дәрілік қасиеті бар.
🌼 Сарғылт құндызшөп– Ашық-сары түсті нәзік гүл. Шөптесін көпжылдық өсімдік.
🌷 Ашық құндызшөп – Ерекше әсемдігімен көз тартатын дала гүлі.
 
Бұл өсімдіктердің барлығы мемлекеттік қорғауға алынған. Оларды жұлғаныңыз, зақымдағаныңыз немесе жойғаныңыз үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған (ӘҚБтК-нің 389-бабы, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы және т.б.).
 
Біз не істей аламыз?
 
• Табиғат аясына шыққанда гүлдерді жұлмайық!
• Балалар мен жастарға сирек өсімдіктердің маңызын түсіндірейік.
• Әлеуметтік желіде табиғатты қорғауға үн қосайық!
 
Есіңізде болсын:
Әр жұлып алған гүл – табиғаттың бір бөлшегінің жоғалуы.
Әр сақталған гүл – болашақ ұрпаққа қалған байлық.
 
✅ Табиғатты аяла!
🌷 Сирек өсімдіктерді сақтайық!
📕 Қызыл кітап – ескерту емес, әрекетке шақыру! 

Read more ...

‼️ МАҢЫЗДЫ

«Ертіс орманы» МОТР РММ ауа райының жоғары температурасы және құрғақ екпінді желге байланысты аумақта өрт қауіпсіздігінің жоғары класы туралы ескертеді. Осыған байланысты орман өртіне жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.
ОРМАНДА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Жанып тұрған темекі қалдықтарын, сіріңкені тастауға
Шыны заттарды қалтыруға (бөтелке)
Арнайы жабдықталмаған жерде автокөлікті қоюға
Майланған немесе жаңғыш заттармен сіңген материалдарды тастауға
ОТ ЖАҒУҒА БОЛМАЙДЫ:
Жас қарағай көшеттерінің жанына
Кепкен шөптер бар жерлерде
бүлінген орман учаскелерінде
ОРМАНДА ӨРТ АНЫҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙДА
ТӨМЕНДЕГІ НӨМІРЛЕРГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ:
101
112
78-77-32
78-77-26
87056019680
ОРМАНДЫ ӨРТТЕН САҚТАҢЫЗДАР!

Орман экожүйесін бақылау: жоспарлы мониторинг жұмыстары

Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі қызметкерлері жер асты суларының деңгейін өлшеу жұмыстарын жүргізді.

Жер асты суларының деңгейі – орман алқабының санитарлық жағдайының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Бұл көрсеткіш табиғи-климаттық факторлармен қатар, орманның жай-күйіне тікелей әсер етеді.

Өлшеу жұмыстары сәуір айынан қараша айына дейін ай сайын 15 стационарлық ұңғымада жүргізіледі. Жиналған мәліметтер экожүйенің жай-күйін бағалап, оны сақтау шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Read more ...

Ормандағы өрт қауіпсіздігі — бәрімізге ортақ міндет!

Ертіс орманы мемлекеттік табиғи резерватының Шалдай филиалының қызметкерлері Шарбақты ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, Басқұдық орманшылығында орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Мақсат — ормандарды өрттен қорғау, тұрғындар мен қонақтарға қауіпсіздік талаптарын түсіндіру.

Құрметті өңір тұрғындары мен қонақтары! Табиғат – бәріміздің байлығымыз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтап, орманды өрттен қорғауға үлес қосайық!

 

Келешек орман — бүгінгі тұқымнан басталады!

Резерват тұқымбақтарында кәдімгі қарағай тұқымын себу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Жоспарға сәйкес 8 гектар аумаққа тұқым себу көзделген.
Тұқымдар арнайы дайындалған топыраққа себіліп, үсті ағаш үгіндісімен жабылды. Ылғалды сақтау және күннен қорғау үшін көлеңке қалқандар орнатылды.
Өскіндер пайда болған соң, қалқандар көтеріліп қойылады жас өскіндерге көлеңке береді.
Қарағай көшеттері 2 жылдан кейін стандартты өлшемге жетеді.
Осы аралықта орман тұқымбағының мамандары тұқымға ерекше күтім жасайды: арамшөптерден тазартып, суарып, тыңайтып, зиянкестер мен аурулардан қорғайды.

Әрбір егілген тұқым — болашақ орманның бастамасы!

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай – құрмет!

Бүгін Шарбақты ауданының әкімі Сержан Ерғалымұлы Иманқұловпен бірге «Ертіс орманы» резерватының бас директордың м.а. Қазбек Әметов Шалдай ауылындағы тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті.

Аудан басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан ардагерлерге мерейтойлық медаль тапсырып, шынайы алғысын білдірді.

Резерват ұжымы өз атынан алғыс хат пен ақшалай сыйлық тарту етіп, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Құрмет – өткенге тағзым, ерлікке бас ию!
Тылда тынымсыз еңбек еткен аға буынға шексіз ризашылығымызды білдіреміз!

 

Read more ...

Жасыл Қазақстан үшін бірге!

2025 жылғы 30 сәуірде «Ертіс орманы» МОТР РММ Ботабас орманшылығында республикалық «Таза Қазақстан» науқаны мен «Парктер шеруі – 2025» экологиялық акциясы аясында «Жасыл Қазақстан» атты экологиялық шара өтті.

Іс-шараға келесі қатысушылар атсалысты:
• Мәскеу қаласынан келген «Эко» қорының өкілдері,
• Астана қаласындағы «Қарағаш» қоғамдық қоры,
• Павлодар мен Астана қалаларындағы жоғары оқу орындарының студент-волонтерлері,
• Шалдай ауылындағы шекара бекетінің қызметкерлері,
• Резерват мамандары мен Ботабас, Қарашілік, Жердыалан орманшылықтарының мемлекеттік инспекторлары.

Көшет отырғызу нәтижелері:
• 2000 қайың көшеті
• 200 кәдімгі қарақат көшеті

Акцияның мақсаты — ауылдық елді мекендердің аумағын көгалдандыру. Ауыл сыртында отырғызылған қайың аллеясы болашақта демалыс аймағына айналып, жергілікті тұрғындар мен қонақтарға қуаныш сыйлайтын табиғат бұрышы болмақ.

Экологиялық қор ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, резерватпен одан әрі ынтымақтастыққа ниетті екенін жеткізді. Болашақта — бірлескен көгалдандыру жобалары, туристік маршруттарды абаттандыру, жастарға арналған экосабақтар мен шеберлік сабақтарын өткізу жоспарланды.

Ағаш отырғызу — еліміздің жасыл болашағына қосылған үлес!

 

Read more ...

‼️ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

ӨРТ ҚАУІПТІЛІГІНІҢ 4-КЛАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ!

Ауа райының ыстық әрі құрғақ болуына байланысты орман және дала алқаптарында жоғары деңгейдегі өрт қаупі тіркеліп отыр!

Бұл өте қауіпті жағдай!

Сақ болыңыздар:

• Орманда от жағуға қатаң тыйым салынады!

• Темекі тұқылын, әйнек, қоқыс қалдықтарын тастамаңыз!

• Балаларға өрт қауіпсіздігі туралы ескертіңіз!

• Күдікті түтін немесе жалын байқасаңыз – 101 немесе 112 нөміріне, орман күзетіне +77056019680 шұғыл хабарлаңыз!

Өрт – табиғаттың ғана емес, адамның да өміріне қауіпті!

 

Таза Қазақстан

22 сәуір – Жер күні Торайғыров университет аумағында республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті!

Резерват “Ертіс орманы” туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары Қазақстанның жеті жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушыларымен бірге жеміс-жидек ағаштары (ірга, алма ағашы – 80 түп) және кәдімгі қарағай көшеттерін (100 түп) отырғызды.

Іс-шараға шамамен 100 адам қатысты.

Университеттер:

• Торайғыров университеті (Павлодар)

• Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

• Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

• С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

• Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

• М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

• Шәкәрім университеті

 Бүгінгі Жер күніне орай, қатысушылар қоршаған ортаны жақсартуға өз үлестерін қосты.

Көктем сайын ағаш отырғызу – игі дәстүрге айналсын!

Бірге – Жасыл Қазақстан үшін!

Read more ...

14 бет. Барлығы: 52

  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17
  • 18


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы