Жаңалықтар
Жоғарғы ауа температурасы мен құрғақшылық кезінде орман жануарлары үшін сумен қамтамасыз ету аңшылықтанушылардың басты міндеті.
🦌 Осы кезеңде резерваттың аңшылықтанушылары жасанды суаттарды үнемі тазалап, су қорын толықтырып, бақылауда ұстайды.
💧 Бұл шаралар жабайы табиғат өкілдерінің аман-сау қалуына көмектеседі.
Табиғатқа жанашыр болайық – тіршілік иелеріне қамқор болу – бәріміздің міндетіміз!
«Ертіс орманы» резерватының аңшылық мамандары орман аумағында тұрақты түрде қорғау және рейдтік шаралар жүргізуде. Қазіргі таңда жабайы жануарларға арналған қолдан суаттардың жай-күйіне ерекше назар аударылып отыр.
💧 Резерват аумағында 70 жасанды суат бар. Бұл суаттар жануарлардың ыстық маусымда шөлін қандыратын маңызды орын.
Атқарылатын жұмыстар:
– Суаттарды тазарту,
– Жануарлардың келуін фото-видео бақылау арқылы тіркеу.
🐾 Су бетіндегі жүн қалдықтары мен іздер, фототұзақтар арқылы алынған бейнематериалдар жабайы жануарлардың суаттарға тұрақты келетінін дәлелдейді.
📍 Бұл шаралар жануарлардың ыстық кезеңде өмір сүруіне қолайлы жағдай жасап, олардың популяциясын сақтауға көмектеседі.
#Ертісорманы #Аңшылыққызмет #ЖабайыТабиғат #Суаттар #Экология #Фототұзақ #WildlifeKazakhstan
«Ертіс орманы» резерваты аумағында зиянкестермен күресу мақсатында әуеден дәрілеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Құрметті өңір тұрғындары!
Сіздерді қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз:
🔹 Бүрку жүргізілетін аумаққа бармаңыз;
🔹 Балалар мен үй жануарларын қадағалаңыз;
🔹 Орман аумағында белгіленген тәртіпті бұзбаңыз.
Орман — ортақ байлығымыз. Оны сақтау — әрқайсымыздың жауапкершілігіміз!
Жоғарғы ауа температурасы мен құрғақшылық кезінде орман жануарлары үшін сумен қамтамасыз ету аңшылықтанушылардың басты міндеті.
Осы кезеңде резерваттың аңшылықтанушылары жасанды суаттарды үнемі тазалап, су қорын толықтырып, бақылауда ұстайды.
Бұл шаралар жабайы табиғат өкілдерінің аман-сау қалуына көмектеседі.
Табиғатқа жанашыр болайық – тіршілік иелеріне қамқор болу – бәріміздің міндетіміз!
Сыбайлас жемқорлық — қоғамның дамуына кедергі келтіретін басты қауіптердің бірі. Ол әділдікке, теңдікке және сенімге нұқсан келтіреді.
Біз әділдік пен ашықтықты қолдаймыз!
Әрбір азаматтың міндеті — сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және адал еңбекке негізделген қоғам құруға үлес қосу.
Егер сіз заңбұзушылықтың куәсі болсаңыз — хабарласыңыз!
Бірге болашақты таза құрайық!
Кезекті дала жұмыстары барысында мамандар Қызыл кітапқа енген Қарақұс (Aquila heliaca) құсының ұясын тауып, оның ішінде сау балапандардың өсіп жатқанын байқады.
🐣 Бұл — резерват аумағындағы қолайлы жағдайдың және табиғатты қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.
📍 Қарақұс — Қазақстандағы сирек жыртқыш құстардың бірі:
• жойылып кету қаупі төнген,
• халықаралық деңгейде қорғалады,
• жабайы табиғаттың айбынды белгісі.
🌿 Әрбір осындай кездесу — табиғи алуан түрлілікті сақтауға деген үміт.
5 маусым күні Павлодар қаласында Қоршаған ортаны қорғау күніне арналған ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Мемлекеттік инспекторлар мен оқушылардан құралған колонна саябақтың кіреберісінен бастап сахнаға дейін ұрандармен жүріп өтті. 💚
📣 «Біз Жерді ата-бабамыздан мұраға емес, болашақ ұрпақтан қарызға аламыз» — деген үндеумен 670-тен астам қатысушы табиғатты қорғау жолында біріккен шеруге шықты.
🎨 Бағдарламада:
— «Менің туған өлкем» көрмесі
— табиғи материалдардан бұйымдар жасау бойынша шеберлік сағаттары
— фотозоналар
— экоквест және шөп шай ұсынылған фитостол
— концерт және белсенді қатысушыларды марапаттау 🌿
Бүгін табиғатты қорғауға арналған салтанатты шеру өтті. Іс-шараға мемлекеттік инспекторлар, Мәдениет үйінің қызметкерлері, Қазавиорманқорғау, шекара заставасы өкілдері және екі ауданның 4 мектебінің оқушылары қатысты.
Барлық қатысушылар туған өлкенің табиғатын қорғауға деген бірлігін және дайын екендіктерін білдіріп, орман, су, жануарлар мен қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салды.
Іс-шараның мақсаты — қоғам назарын экология мен табиғатты қорғау мәселелеріне аудару және өскелең ұрпақтың бойында планетамыздың болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
🌍💚 Табиғатты аялаңыз — ол бізде бір-ақ рет берілген!
#табиғатқорғау#экология#шеру2025 #жасылболашақ#экотәрбие


«Парктер шеруі» акциясы аясында «Табиғат-Ертегі» атты фотокөрме ұйымдастырылды!
Көрмеде резерватымыздың әсем табиғаты бейнеленген ерекше суреттер қойылды.
Жасыл орман, жануарлар әлемі, көркем көріністер — барлығы көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Оқушылар көрмені үлкен қызығушылықпен тамашалап, табиғаттың сұлулығына сүйсінді.
Мұндай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық мәдениетін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Табиғат – ертегі сияқты!
Оны қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз!
Бүгін Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырмасына сәйкес Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы Елюбаев Ш.Б. «Ертіс орманы» орман табиғи резерваты мамандарына арнап оқыту түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында:
Төтенше жағдайлар кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл алгоритмдері,
Ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелері,
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаш аймағын бөліп беру мен таксациялау тәртібі,
Ағаш кесу ережелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Мақсат – мамандардың біліктілігін арттыру және табиғи байлықтарды сақтаудағы жауапкершілікті күшейту.