Көктемнің келуімен РММ «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында табиғат қайта жанданып, орман іші сан алуан түске боялады. Дәл осы кезеңде ерекше әрі сирек кездесетін өсімдіктер гүлдей бастайды. Олардың көпшілігі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауында.

Солардың қатарында:
— Көктемгі жанаргүл
— Шығыс Сібір құндызшөп
— Ашық құндызшөпкөктемгі т.б.

Бұл нәзік бәйшешектер табиғатты көркейтіп қана қоймай, экожүйенің маңызды бөлігі болып табылады. Олардың гүлдеуі – табиғаттың қайталанбас сыйы. Алайда, адам әрекетінің салдарынан бұл әсем өсімдіктердің жойылып кету қаупі бар.

Естеріңізге саламыз:
Сирек және қорғауға алынған өсімдіктерді жұлуға, жинауға, сақтауға және тасымалдауға заңмен қатаң тыйым салынған. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылып, айыппұл салынады.

Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз. Бәйшешектерді жұлмай, табиғи ортада тамашалайық!

Көктем сіздерге қуаныш, шабыт және табиғатты қорғаудың маңыздылығын еске салсын!

 

 

image-21-04-26-10-16.jpegimage-21-04-26-10-16-1.jpegimage-21-04-26-10-16-2.jpegimage-21-04-26-10-16-3.jpegimage-21-04-26-10-16-4.jpegimage-21-04-26-10-16-5.jpegimage-21-04-26-10-16-6.jpegimage-21-04-26-10-16-7.jpegimage-21-04-26-10-16-8.jpeg