Туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары ғылым және мониторинг бөлімімен бірлесіп, Шалдай орта жалпы білім беру мектебінің оқушыларына арналған оқыту іс-шарасын өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға кенелер, табиғатта болған кезде сақтық шаралары, сондай-ақ кене шағуының салдары мен қорғану тәсілдері туралы түсіндірілді. Орман аймағында қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қатысушылар Щербакты ауданы аумағында өсетін және Қызыл кітапқа енгізілген сирек өсімдіктер мен гүлдермен танысты. Мамандар өсімдіктер дүниесіне ұқыпты қараудың маңыздылығын түсіндіріп, сирек өсімдіктерді жұлу мен жою заңмен тыйым салынғанын және әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.
🌱 Іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды дамыту және өңірдің биоалуантүрлілігін сақтау.
Іс-шара барысында оқушылар жаңа білім алып қана қоймай, табиғатты қорғауға жеке үлес қосудың маңызын түсінді. Практикалық тапсырма ретінде оларға алған ақпаратты өз жақындары мен достарына жеткізу ұсынылды.
Әрбір гүл өз табиғи ортасында әсем, ал біздің міндетіміз — осы сұлулықты келешек ұрпақ үшін сақтау.
🌍 Табиғатты бірге қорғайық!



