Жаңалықтар
Орманды өрттен сақтау — табиғатты қорғаудың маңызды бөлігі. Бұл істе өрт сөндіру техникаларының, әсіресе кәсіби жүргізушілердің рөлі орасан зор.
⠀
Осы бағытта абыроймен еңбек етіп келе жатқан азаматтардың бірі — Жерді Алаң орманшылығының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Алтай Әбілов.
⠀
Ол 2005 жылдан бері өрт сөндіру станциясында үздіксіз қызмет етіп, 20 жыл бойы тілсіз жауға қарсы күресте сенімді тірек бола білді.
⠀
Әріптестері оны кәсіби біліктілігі жоғары, техникаға жанашырлықпен қарайтын, кез келген жағдайда салмақты шешім қабылдай алатын жауапты маман ретінде сипаттайды.
⠀
Орман ішіндегі жағдайды жетік білетін Алтай Әбілов техникаға ұқыпты қарап, көлікті әрдайым сапалы күйде ұстап келеді.
⠀
Оның еңбек жолы — жас мамандарға үлгі, ал орман қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі — бағалауға лайық.
⠀
👏 «Ертіс орманы» ұжымы Алтай Әбіловке зор денсаулық, отбасына амандық, кәсіби жетістіктер тілейді!
«Ертіс орманы» МОТР РММ Бесқарағай орманшылығында (Шақа ауылы маңында) жалпы республикалық экологиялық акция аясында сенбілік өтті.
⠀
♻️ Іс-шара нәтижесінде:
🔹 1,8 тонна қоқыс жиналды
🔹 1,3 гектар аумақ тазартылды
🔹 11 адам қатысты
⠀
Бұл бастама – қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және табиғатты аялауға бағытталған нақты қадам.
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының Ботабас орманшылығында сенбілік өтті.
⠀
Іс-шара барысында орманшылар мен қызметкерлер аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, табиғатқа жанашырлық танытты.
⠀
Акция қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және келер ұрпаққа таза табиғат қалдыруға бағытталған.
⠀
Табиғатты аялау — ортақ парызымыз!
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында жануарлар әлемін зерттеу бойынша ғылыми жұмыс жүргізілуде. Мониторинг барысында орнатылған камера-ұстағышқа қабандардың тұтас бір отбасы түсіп қалды.
⠀
Мұндай кадрлар жабайы жануарлардың табиғи ортадағы тіршілігін бақылауға мүмкіндік береді және олардың тыныштығын бұзбайды. Бұл – фаунаны сақтау мен зерттеуге қосылған маңызды үлес.
⠀
Зерттеу жұмыстары жануарлар саны мен белсенділігін анықтап қана қоймай, оларды қорғау шараларын қабылдауға да ықпал етеді.
⠀
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ертіс орманы» МТР Сейтен орманшылығында сенбілік өтті. ⠀
Іс-шара барысында орманшылар мен қызметкерлер 2 гектардан астам аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазартып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. ⠀
Бұл бастама — қоршаған ортаға деген жанашырлық пен ұжымдық жауапкершіліктің жарқын көрінісі. ⠀
Табиғатты аялау — ортақ парызымыз!
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Белгібай орманшылығында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. ⠀
Іс-шараға орманшылар, мемлекеттік инспекторлар мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Бірлесе атқарылған жұмыстың нәтижесінде орман алқабы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, табиғатқа жанашырлық пен қамқорлықтың үлгісі көрсетілді. ⠀
Бұл шара — қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі ғана. ⠀
Табиғатты таза сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз! ⠀
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының бастамасымен «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. ⠀
Дәріске орман шаруашылығы мамандары мен мектеп оқушылары қатысты. Іс-шара барысында: биологиялық алуантүрліліктің маңызы;
сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жолдары;
табиғи тепе-теңдікті сақтау мәселелері талқыланды. ⠀
Оқушылар өз сұрақтарын қойып, пайдалы ақпарат алды. Мұндай дәрістер – табиғатқа деген сүйіспеншілік ен жауапкершілікті қалыптастырудың тиімді жолы. ⠀
Табиғатты сақтау – әр ұрпақтың борышы! ⠀
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының Егінді орманшылығында сенбілік ұйымдастырылды. ⠀
Іс-шара барысында орманшылық қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлар аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалап, табиғи ортаны сақтауға үлес қосты. ⠀
Нәтижесінде бірнеше гектар жер қалдықтардан тазартылып, экологиялық тәртіпке сай абаттандыру жұмыстары жүргізілді. ⠀
Бұл шара – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. ⠀
Таза орта – салауатты болашақ кепілі! ⠀
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Баймбет орманшылығында тазалық жұмыстары жүргізілді.
⠀
Іс-шара барысында орман алқабындағы қоқыстар жиналып, аумақ абаттандырылды.
⠀
Мұндай жұмыстар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып, табиғатты аялауға үндейді.
⠀
Бауртал орманшылығында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
⠀
Іс-шара барысында мекеме аумағы қоқыстан тазартылып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау мәдениеті насихатталды.
⠀
Осындай ұжымдық еңбек табиғатқа деген қамқорлықты арттырып, экологиялық сананы қалыптастыруға өз үлесін қосады.
⠀