«Ертіс орманы» РММ-де бас директордың міндетін атқарушы С.М. Елемесовтың жетекшілігімен алдағы өрт қаупті кезеңге дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кездесу барысында орманшылықтар мен филиал басшылары келесі мәселелерді талқылады:
- филиалдар мен орманшылықтардың дайындығы;
- өртке қарсы техника мен жабдықтардың жағдайы;
- жеке құраммен қамтамасыз етілуі;
- орман өрттерінің алдын алу бойынша профилактикалық шаралар;
- жергілікті атқарушы органдармен және төтенше жағдайлар қызметтерімен өзара іс-қимыл.
Кеңес қорытындысы бойынша өрт қауіпсіздігін күшейту және өрт қаупті маусымға толық дайындықты қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Негізгі мақсат — ормандарды қорғап, кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет ету!

 

image-11-03-26-04-24.jpgimage-11-03-26-04-24-1.jpgimage-11-03-26-04-24-2.jpgimage-11-03-26-04-24-3.jpg