Бүгін Шалдай филиалының ер азаматтары орман қорғау саласында еңбек етіп жүрген нәзік жандыларды 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады!

 Олар өз әріптестеріне жүрекжарды тілектерін білдіріп, еңбектеріне алғыс айтып, гүл шоқтары мен жылы лебіздерін жеткізді. Әйелдеріміздің мейірімі мен еңбегі табиғаттың өзі сияқты шексіз. Сіздер орманды қорғап қана қоймай, айналаға жылулық пен сұлулық сыйлайсыздар!

 Құрметті ханымдар, көктемнің шуағы сіздерге қуаныш пен бақ-береке әкелсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

 

 

image-08-03-26-08-34.jpgimage-08-03-26-08-34-1.jpg