Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Құжаттар
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский

rezervat@mail.kz

Жаңалықтар

Жануарларға қамқорлық — басты міндет

 

Табиғатты қорғау қызметкерлерінің тынымсыз еңбегі өз нәтижесін беруде!

Шалдай орманшылығының мемлекеттік инспекторлары кезекті аумақты аралау кезінде еліктер тобын кездестірді.

Жануарлардың табиғи ортада алаңсыз жүруі – олардың қауіпсіздік пен қамқорлықта екенін айқын көрсетеді.

Бұл жағдай орманды аумақтарды қорғау, табиғатты сақтау және жануарлар үшін қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігін дәлелдейді.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ парызымыз. Біз болашақ ұрпаққа бай және таза табиғатты қалдыру үшін еңбек етудеміз!

 

77.jpeg

“Жасыл Жаңа жыл: Табиғатқа қамқорлықпен!”

Мектеп орманшылығының шығармашыл мүшелері ерекше әрі экологиялық таза жаңа жылдық ойыншықтар жасады!

Бұл ойыншықтар – табиғат материалдарынан жасалған ерекше туындылар ғана емес, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың көрінісі.

Неліктен бұл маңызды?

✅ Қайта пайдалануға болатын материалдар қолданылады.

✅ Қалдықтарды азайтуға көмектеседі.

✅ Табиғатты қорғауға шақырады.

Биылғы Жаңа жылды табиғатқа қамқорлықпен қарсы алайық!

373b5e97-6df9-4811-8968-1d7cc26051e1.jpeg9cc4f3a8-8ebd-4aa9-bfd8-4c67bb63196d.jpeg

Орман күзеті “Шырша” шарасын жалғастыруда!

Жас қылқандарды қорғау мақсатында орман қорында рейдтер тұрақты түрде жүргізілуде.

Бұл шаралардың негізгі мақсаты – орман байлығын заңсыз кесу әрекеттерінің алдын алу және табиғаттың жасыл желегін сақтау.

Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз. Біз бірлесіп, табиғатты болашақ ұрпақ үшін сақтай аламыз!
0dbda96e-c74c-4b81-af3f-b5e823d1d952.jpegbe8d9029-8946-45f7-8739-2c8d04f7f6f4.jpeg6985335a-9c5a-447b-81a1-6148f797a4f1.jpeg

“Жасыл Жаңа жыл: Табиғатқа қамқорлықпен!”

Мектеп орманшылығының шығармашыл мүшелері ерекше әрі экологиялық таза жаңа жылдық ойыншықтар жасады!

Бұл ойыншықтар – табиғат материалдарынан жасалған ерекше туындылар ғана емес, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың көрінісі.

Неліктен бұл маңызды?

✅ Қайта пайдалануға болатын материалдар қолданылады.

✅ Қалдықтарды азайтуға көмектеседі.

✅ Табиғатты қорғауға шақырады.

 

Биылғы Жаңа жылды табиғатқа қамқорлықпен қарсы алайық!

9cc4f3a8-8ebd-4aa9-bfd8-4c67bb63196d.jpeg881688f9-bd9f-44ee-bd67-3211f47976df.jpeg

Біз табиғатты қорғау ісін жаңа деңгейге көтерудеміз! Табиғи резерватымыздың автопаркі 7 бірлік «Беларус» маркалы заманауи трактормен толықты.

 Бұл қуатты техникалар келесі маңызды жұмыстарды атқаруға көмектеседі:

- Өрттің алдын алу – аумақты тазалау және қауіпсіздік шараларын күшейту.

- Өрт сөндіру – қажетті құрал-жабдықтарды жылдам жеткізіп, өртті оқшаулау.

- Орманды қалпына келтіру – ағаш отырғызу және орманды күту жұмыстарын тиімді жүргізу.

 Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жаңа техниканың көмегімен бұл жұмысты одан әрі нәтижелі жүргізетін боламыз!

dca35c99-42b1-4f9d-9fac-88b392e06e40.jpeg

Табиғат – ортақ қазына: бірге қорғайық!

Құрметті тұрғындар мен қонақтар!

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ағаштарды заңсыз кесу – заңмен қудаланады. Мемлекеттік инспекторлар ескертеді: мұндай әрекеттер үшін қатаң әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

🌱 Табиғатқа жанашырлық танытайық!
Біз өңір тұрғындарын табиғат байлығына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір ағаш – біздің болашағымыздың кепілі.

🚨 Егер заңсыз әрекеттердің куәгері болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына немесе орман күзетіне хабарласыңыз.

 

Табиғатты қорғаудағы бірлік: Орман аумағында рейд өтті

📅 Ағымдағы жылдың 20-22 желтоқсан аралығында Павлодар облысындағы “Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары, “Охотзоопром ӨБ” мекемесінің инспекторлары және Шарбақты ауданының табиғатты қорғау полициясы бірлесіп мемлекеттік орман қоры аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырды.

♻️ Рейдтің негізгі мақсаты – орманды заңсыз кесу, аң аулау және табиғатқа зиян келтіретін басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттау.

📍 Үш күндік шара барысында мемлекеттік орман қоры аумағында бақылау күшейтіліп, бірнеше аймақ тексеруден өтті. Қуаныштысы, рейд барысында ешқандай заң бұзушылық фактілері тіркелмеген. Бұл табиғатты қорғау бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

📝 Осындай рейдтік шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл шаралар тек заң бұзушылықтардың алдын алу ғана емес, сонымен бірге қоғамда экологиялық мәдениетті арттыруға да бағытталған. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың борышы екенін ұмытпайық.

“Ертіс орманы” мемлекеттік табиғи резерватының баспасөз қызметі

Тәжірибе алмасу

Бүгін резерватымызда ”Ұлытау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері: Директор Ғ.Қ. Қойшыбаев, Табиғи кешендер мен объектілерді қорғау бөлімінің басшысы Е.Е. Рахманиянов, Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің басшысы Б.Б. Болат тәжірибе алмасу мақсатында резерватқа келді.

🔎 Тәжірибе алмасу барысында:
- Резерваттың өртті ерте анықтау жүйесімен танысып, оның маңыздылығын атап өтті.
- Орман өрт сөндіру станциясының жұмысын көрді;
- Өндірістік телімдегі қызмет барысымен танысты.

Мұндай кездесулер табиғатты қорғау саласындағы білім мен тәжірибені жетілдіруге, тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді. Бірлескен күш-жігеріміз табиғатты сақтауға үлкен үлес қосары сөзсіз!

Read more ...

*Бесқарағай филиалында бүршік өңдеу жұмыстары жүргізілуде*

Бесқарағай филиалының аумағында болашақ орман үшін тұқым алу мақсатында бүршік өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл шараға 15 адам қатысып, орман шаруашылығын дамыту үшін маңызды үлес қосуда.

Болашақ орманның негізі – бүгінгі дұрыс жүргізілген жұмыс. Табиғатты қорғау және көгалдандыру бағытындағы мұндай шаралар аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға және орман қорын молайтуға септігін тигізеді.

Ормандарымызды бірге сақтайық!

 

Read more ...

📸 Объективте – Сілеусін!

Резерват аумағында сілеусіндердің саны артып келеді. Бұл – табиғатымыздың байлығы мен биоәртүрлілікті қорғаудың нәтижесі.

Егер Сіз сілеусінді кездестірсеңіз, келесі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:
🔹 Жақындамаңыз, арақашықтықты сақтаңыз.
🔹 Жан-жақтан шуылдап немесе сілеусінді мазаламаңыз.
🔹 Баяу әрі тыныш қимылдаңыз.
🔹 Фотоға түсіріп үлгерсеңіз, бізбен бөлісіңіз!

Табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз!

22 бет. Барлығы: 50

  • 17
  • 18
  • 19
  • 20
  • 21
  • 22
  • 23
  • 24
  • 25
  • 26


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы