«Таза Қазақстан» акциясы аясында «Ертіс орманы» МОТР РММ туризм бөлімінің мамандары «Жас орманшы» мектеп орманшылығының мүшелері үшін «Табиғат әлемі – қолөнер көзі» атты экологиялық көрме өткізді.
Көрме барысында балаларға табиғи материалдардан қоршаған ортаға зиян келтірмей қандай бұйымдар жасауға болатыны көрсетілді. Оқушылар дайын жұмыстармен танысып, қиялдарын дамытып, табиғи ресурстарды сақтаудың маңыздылығын түсінді.
Іс-шара шығармашылық арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге және жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатынын көрсетті.






