Жаңалықтар
«Туған өлкенің орманын сақтаңыздар» акциясы өткізілді.
Орман өрті – үлкен апат,ол орманға ғана емес, қоршаған ортаға да үлкен зиян келтіреді. Ауыл тұрғындарын, келген қонақтар мен демалушыларды, мектеп оқушыларын Табиғат ана сыйлаған асыл мұра – орманымызды сақтауға шақыру іс-шаралары өткізілді. Іс-шаралар барысында орманды қорғайық атты буклеттер, ақпараттық қағаздар таратылды.
Денесінің ұзындығы 3 м-ге дейін, құйрығының ұзындығы 12-13 см, салмағы 360-600 кг. Сыртқы түрі бойынша бұлан басқа бұғылардан айтарлықтай ерекшеленеді. Денесі мен мойыны қысқа, алқымы биік, өркеш тәрізді.
"Ертіс орманы" МОТР РММ қызметкерлері резерват аумағындағы туристтік маршруттарды абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. "Ертегіде қонақта" туристік маршрутында ақпараттық аншлагтар жаңартылды, күркелер (беседкалар), қарау алаңдары, сахна жөнделді, ойын алаңындағы әткеншектер сырланды.
Құрметті жерлестер!"Ертіс орманы" МОТР РММ ауа температурасының +35° градусқа көтерілуіне және желдің күшеюіне, резерват аумағында өрт қауіптілігінің жоғарғы V класына байланысты орманға бармауды және орман ішінде от жақпауды сұрайды. Орманды өрттен сақтау – әрбір азаматтың парызы.
Орман өрттерін алдын алуда, дұрыс жабдықталған минералданған жолақ маңызды рөл атқарады. Минералданған жолақ-бұл жасанды түрде жасалған өртке қарсы тосқауыл. Ол орман алқабымен шектесетін аумақтың учаскесін жанғыш материалдардан тазарту арқылы жасалады. Биылғы жылы резерваттың 10140 шақырым аумақта минералды жолақтарға күтім жасау жоспарланған, қазіргі уақытта 1117 шақырым жолаққа күтім жасалды.
Табиғи резрваттың Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің басшысы Қ.Г. Жунусов және аға ғылыми қызметкер А.Ж. Омарханов, ғылыми қызметкер Т.Ш. Бимжанов Шалдай филиалының күзгі және көктемгі қарағай екпелерінің өсіміне бақылау жүргізу мақсатында Шалдай тұқымбағына барды.
ОРМАНДЫ ӨРТТЕН САҚТАҢЫЗДАР!
«Ертіс орманы» МОТР РММ ауа райының жоғары температурасы және құрғақ екпінді желге байланысты аумақта өрт қауіпсіздігінің жоғары класы туралы ескертеді. Осыған байланысты орман өртіне жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.
Ағымдағы жылы резерват аумағында бас дирекетордың орынбасары, ауылдық округ әкімдерінің, ақсақалдар кеңесінінің мүшелері, ТҚжНҚҚ бөлімі мамандары Шалдай және Бауртал орманшылықтарында орналасқан жасанды өртке қарсы су айдыны аумағында «Шомылуға болмайды» белгісімен тақтайшалар орнатылды.