Жаңалықтар
Қыс – орман үшін үлкен сынақ. Ауа райының қолайсыздығы, қарлы борандар мен қалың қар орманшылардың жұмысын қиындатса да, табиғатты қорғау – басты міндет. Осындай қиын сәттерде ат патрулі үлкен көмекке келеді!
Сейтен орманшылығында 6 қызметтік жылқы бар. Олар орманшылардың сенімді серігіне айналған. Аттар арқылы жолсыз, қар басқан алқаптарды оңай аралап, заңсыз ағаш кесу, жануарлар әлемін қорғау іс-шаралар жүргізеді.
Ат патрулі – орман қорғаушыларының дәстүрлі әрі тиімді көмекшісі. Аттың төзімділігі мен ептілігі орманшыларға табиғатты қорғау жұмыстарын үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді.
Орман – халқымыздың қазынасы. Оны қорғау – әрқайсымыздың парызымыз!
Табиғатты бірге қорғайық!
Бүгін, "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Шарбақты ауданының белсенді жастары мен колледж студенттері табиғатты көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Акция барысында 130 дана қарағай тұқымы отырғызылып, болашақ жасыл орманның негізі қаланды.
Студенттерге "Орман шаруашылығы" мамандығы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, жас ұрпақтың экологияға деген қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Бұл шара экологиялық білім беру мен жасыл мекенді қорғау жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Біз табиғатты бірге қорғаймыз!
Бүгін Шалдай ауылында игі іс атқарылды! Экологиялық шара аясында Шекара қызметі, Әкімдік, Мәдениет үйі, Кітапхана қызметкерлері және Мектеп орманшылығының мүшелері бірігіп, 170 дана қарағай тұқымын отырғызды.
Бұл акция – табиғатты қорғау, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру және орманды қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам. Біз бірге таза әрі жасыл Қазақстанды қалыптастырамыз!
Табиғатты қорғау – ортақ міндет!
Басқұдық орманшылығында орманды сақтау және жануарлар әлеміне қолайлы жағдай жасау мақсатында биотехниялық іс-шаралар мен күзет жұмыстары жүргізілді. Бұл шара табиғи экожүйенің тепе-теңдігін сақтау және жануарлардың қыс мезгілінен аман шығуына қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды.
🔹 Биотехниялық жұмыстар аясында орманшылар аң-құстарға жем-шөп орналастырып, олардың қоректенуіне жағдай жасады. Бұл шара, әсіресе, қыс мезгілінде жануарлардың тіршілік етуіне маңызды.
🔹 Орманды күзету жұмыстары барысында рейдтер ұйымдастырылып, заңсыз аңшылық пен табиғатқа зиян келтіретін әрекеттердің алдын алу бойынша тексерістер жүргізілді.
Басқұдық орманшылығының мамандары табиғатты қорғау және экологиялық тепе-теңдікті сақтау бағытында жүйелі түрде жұмыстар атқаруда. Орман – халқымыздың баға жетпес байлығы. Оны сақтау – әрбір азаматтың парызы!
Орманның көркіне айналған нәзік те сымбатты жануар – елік! Олар табиғаттың ерекше жаратылысы, ал біздің резерватымызда еркін тіршілік етеді.
Еліктер туралы қызықты деректер:
🔹 Еліктер ыммен «сөйлеседі» – олардың құлақ, құйрық және аяқ қимылдары арқылы бір-біріне белгі беру қабілеті бар.
🔹 Олар өте сақ жануарлар – қауіпті сезсе, 50 км/сағ жылдамдықпен жүгіре алады!
🔹 Еліктің көзі 310° көру бұрышына ие, яғни олар айналасындағы қозғалысты жақсы байқайды.
🔹 Күзде еліктердің жүні қалыңдап, қоңыр түске боялады – бұл суықтан қорғанудың табиғи тәсілі.
🔹 Табиғаттағы керемет бейімделгіштігіне қарамастан, еліктерге адам қамқорлығы қажет.
Біздің міндетіміз – осы керемет жануарларды қорғап, табиғи ортасын сақтап қалу!
Резерваттың әдеп бойынша өкілі Мұрат Есумканов резерват қызметкерлерімен кездесу өткізіп, Азаматтық қызметкерлердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында қызметтік әдепті сақтау, кәсіби этика және азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті жайлы маңызды мәселелер қозғалды.
Осындай іс-шаралар азаматтық қызметшілердің адалдығын, әділдігін және жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді!
🔹 Бас директордың м.а. Қазбек Әметов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша келіп түскен өтініштің оң шешімі табылды ✅
✳️ Азаматтарды жеке қабылдау аптасына екі рет белгіленген кесте бойынша жүргізіледі. Егер сізде қандай да бір сұрақтарыңыз немесе өтініштеріңіз болса, қабылдауға жазылып, мәселеңізді тікелей талқылауға мүмкіндік бар!
📅 Қабылдау күндері:
📌 Сейсенбі және жұма
⏰ 15:00 – 17:00
📝 Қабылдауға алдын ала жазылу міндетті!
📲 87183632252 87775450945 Қосымша ақпарат алу және жазылу үшін хабарласыңыз.
Әрбір азаматтың мәселесі маңызды!
Біз сізге көмектесуге әрқашан дайынбыз.
Шалдай психоневрологиялық арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметкерлері мен қызмет алушылары ”Таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсенді қатысып, табиғатты қорғау ісіне өз үлестерін қосты.
🌱 100 дана қарағай тұқымы егілді – бұл болашақта жайқалған орманға айналатын жасыл бастама.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – табиғатқа қамқорлықтың, жауапкершіліктің және ортақ мүдденің көрінісі. Әр егілген тұқым – таза ауа мен салауатты өмірге жасалған қадам.
Жасыл елге – жасыл болашақ!🌍
Орман шаруашылығы – табиғатты аялау ғана емес, нағыз жауапкершілікті, адал еңбекті талап ететін сала. Осы салаға бар ғұмырын арнаған жанның бірі – Огнев Юрий Николаевич.
🔹 40 жылдық еңбек жолы – бұл тек уақыт емес, қажырлы еңбек пен терең тәжірибенің белгісі. 1988 жылдан бері Шалдай филиалының жөндеу механикалық шеберханасында токарь болып қызмет етіп, орман шаруашылығына өз үлесін қосып келеді.
🔹 Кез келген техника мінсіз жұмыс істеуі үшін ұсақ бөлшектердің өзі аса маңызды. Сол бөлшектерді дәлдікпен жасаушы – токарь. Юрий Николаевич – осы істің хас шебері, өз ісінің майталманы.
🔹 Ол жылдар бойы жинаған тәжірибесін жас мамандарға үйретіп, оларға бағыт-бағдар беруден жалықпайды. Оның ізін жалғап, ұлы Евгений Огнев те әкесімен қатар 16 жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді.
🛠 Техника – мінсіз, маман – шебер, еңбек – адал!
Юрий Николаевич тек кәсіби маман ғана емес, өз өңірінің жанашыры. Ол Шалдай ауылдық округі атынан екі рет аудандық мәслихат депутаты болып сайланып, туған өлкесіне қызмет етті.
✨ Оның еңбегі лайықты бағаланып, Шарбақты ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.
🔹 Павлодар облысының 75 жылдығына орай, оның есімі Даңқ Аллеясында алтын әріппен жазылды!
Кішіпейілдік, адалдық, кәсібіне деген шынайы сүйіспеншілік – міне, нағыз еңбектің бейнесі!
Сейтен орманшылығының аңшылықтанушысы Қайкен Жасқайрат кезекті биотехникалық іс-шараларды жүргізді. Табиғат аясында жануарларға жағдай жасау – орманшылардың күнделікті еңбегінің бір бөлігі.
❄️ Қыстың аязды күндерінде аңшылықтанушылар жабайы жануарларға жем-шөп орналастырып, олардың қоректенуіне қолайлы жағдай жасайды.
🌲 Бұл шаралар жануарлар әлемін қорғауға, табиғи тепе-теңдікті сақтауға және олардың санының тұрақты болуына ықпал етеді.
Табиғатты бірге қорғайық! 🍃💚
#ЖануарларӘлемі#ОрманШаруашылығы #БиотехникалықІсШара#ЖасылОрман