2026 жылғы 22 қаңтардағы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырмасын орындау аясында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының бас директорының м.а. жетекшілігімен жұмыс тобы (заңгер, туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары) Алматы облысының мемлекеттік ұлттық табиғи парктеріне жұмыс сапарымен барды.

 27–31 қаңтар аралығында келесі ұлттық парктерге барды:

- «Көлсай көлдері» МҰТП

- Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

- Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

 Сапар барысында қызметкерлер келесі бағыттар бойынша озық тәжірибелермен танысты:

- тендерлік рәсімдерді ұйымдастыру

- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жер пайдалану бойынша құжаттаманы жүргізу

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың инфрақұрылымын дамытуға арналған бас жоспарды әзірлеу

- туристік және рекреациялық қызмет үшін жер учаскелерін ұсыну

- бақылау-өткізу пункттерінің жұмысы және келушілерді есепке алу мен төлем жасаудың заманауи жүйелері

- туристік қызметті ұйымдастыру және сала мамандарымен өзара іс-қимыл

 Алынған практикалық тәжірибе «Ертіс орманы» МОМТР РММ қызметіне еңгізіліп экологиялық туризмді одан әрі дамытуға, инфрақұрылымды жетілдіруге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталады.

 Біз тұрақты әрі экологиялық жауапты туризмді дамыту жұмыстарын жалғастырамыз

 

 

image-12-02-26-07-18.jpgimage-12-02-26-07-18-1.jpgimage-12-02-26-07-18-2.jpgimage-12-02-26-07-18-3.jpgimage-12-02-26-07-18-4.jpg