2026 жылғы 13 ақпанда «Ертіс орманы» МОТР РММ-де Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді.
Жиналыс барысында қатысушылар Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып, олардың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Жобада көзделген жаңашыл бастамалар, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытындағы нормалар жан-жақты сараланды.
Ашық форматта өткен жиын барысында әрбір қатысушы өз ой-пікірін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Мұндай талқылаулар ел болашағына қатысты маңызды шешімдерді бірлесіп қабылдауға негіз болатыны атап өтілді.




