ЕҚТА (ерекше қорғалатын табиғи аумақтар) аумағында жануарларды заңсыз аулау үшін қатаң жауапкершілік қарастырылған. Әрбір браконьерлік оқиға экожүйеге және биологиялық әртүрлілікке үлкен қауіп төндіреді!

Заңсыз ауланған әр жануар үшін залал құны:

Елік– 1 081 250 тг (250 АЕК)

Бұлан– 2 162 500 тг (500 АЕК)

Орман сусары – 865 000 тг (200 АЕК)

Сілеусін – 86 500 тг (20 АЕК)

Борсық – 43 250 тг (10 АЕК)

Тиін – 21 625 тг (5 АЕК)

Түлкі – 21 625 тг (5 АЕК)

Қоян – 21 625 тг (5 АЕК)

Қарсақ – 21 625 (5 АЕК) және т.б.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген құстар:

Ителгі— 3 027 500 тг (700 АЕК)

Бүркіт — 1 730 000 тг (400 АЕК)

Сұңқылдақ аққу — 1 730 000 тг (400 АЕК) және т.б.

Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер үшін ерекше жауапкершілік қарастырылған!

Ұяларды, індерді, апандарды заңсыз жою – 10 АЕК айыппұл

Жұмыртқалар мен эмбриондарды заңсыз алу – ересек жануар үшін белгіленген айыппұлдың 50%-ы

 Маңызды!

Жануарларды іздеу, аңду және қудалау, сондай-ақ аңшылық алқаптарында қару-жарақ немесе аң аулайтын құстармен жүру аңшылыққа теңестіріледі!

Бұл әрекеттер үшін де айыппұл салынып, қылмыстық жауапкершілік жүктеледі.

ТӘУЕКЕЛГЕ БАРМАҢЫЗ! Біз табиғатты қорғауға және экожүйедегі тепе-теңдікті сақтауға міндеттіміз.

Табиғатты қорғау – барлығымыздың ортақ міндетіміз.

 

 

image-17-02-26-04-15.jpgimage-17-02-26-04-15-1.jpg