«Ертіс орманы» МОТР РММ аумағында ғылым және мониторинг бөлімінің мамандары қысқы аппақ реңдегі жоңғар атжалманын (Phodopus sungorus) тіркеді.
Даланың бұл кішкентай мекендеушісі жүнінің түсін өзгертуге қабілеттілігімен танымал: суық түскенде оның сұрғылт-қоңыр реңі ақ түске айналып, қар аясында жыртқыштардан жасырынуына көмектеседі.
Ерекше әрі қызықты жайт — жануардың орман алқабында байқалуы. Бұл табиғаттың тосын сыйларға толы екенін, ал жануарлардың әртүрлі жағдайларға бейімделіп, жаңа ортаға икемделе алатынын дәлелдейді.
Тіпті орманның үйреншікті тыныштығында да көзге көрінбейтін, ғажайып өмір өз жалғасын табуда.


