«Ертіс орманы» МОТР РММ-нің табиғи кешен және нысана қорғау қызметі бөлімінің қызметкері Мусатаев Р.Қ., сондай-ақ туризм бөлімінің мамандары Рахметова Г.Н. мен Бегимова Г.С. «Арбиген жалпы орта білім беретін мектебінің» КММ оқушыларына танымдық дәріс өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға орман ресурстарына ұқыпты қараудың маңыздылығы, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелері, қоршаған ортаны ластаудың жол берілмейтіні және браконьерлік үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған өлкенің табиғатына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.




