15 ақпан — ерлік пен әскери борышқа адалдықтың естелік күні. Бұл күні біз Отан алдындағы парызын абыроймен орындаған жауынгер-интернационалистердің ерлігін құрметпен еске аламыз.

«Ертіс орманы» МОТР РММ ұжымында Ауған соғысының ардагерлері еңбек етуде: Вакпаев Владимир Константинович, Джаков Ерканат Жексенбаевич, Кайдагулов Темірхан Санатқалиұлы. Олардың өмір жолы — Отанға адалдықтың және өз ісіне деген беріктіктің жарқын үлгісі. Олар соғыс жылдарында да, бүгінгі бейбіт заманда да орман шаруашылығы саласының дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Сондай-ақ, ұжымымызда ұзақ жылдар бойы Ауған соғысының ардагері Бектемиров Тұрсымхан Алдажарұлы еңбек етті. Қазіргі уақытта ол зейнеткерлік демалыста. Оның орман шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі мен көп жылғы адал еңбегі зор құрмет пен ризашылыққа лайық.

Біз ардагерлерге көрсеткен ерлігі, табандылығы және Отанға деген адалдығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Оларға мықты денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз.

 

 

 image-15-02-26-03-59.jpegimage-15-02-26-03-59-1.jpegimage-15-02-26-03-59-2.jpegimage-15-02-26-03-59-3.jpegimage-15-02-26-03-59-4.jpegimage-15-02-26-03-59-5.jpeg