Жаңалықтар
Өз өміріңізді және табиғатты сақтаңыз!
🔥 Көктемде көптеген адамдар құрғақ шөпті әдейі өртейді. Бұл қауіпті әдеттің артында орны толмас зардаптар жасырулы:
— Сирек өсімдіктер мен пайдалы жәндіктер жойылады,
— Құстар мен ұсақ жануарлар отқа оранады,
— Ормандар мен жайылымдарда үлкен өрттер басталады,
— Тұрғын үйлер мен шаруашылықтарға қауіп төнеді,
— Ауаға таралған түтін адам денсаулығына зиян келтіреді.
💥 Бір ғана сіріңке – үлкен апатқа себеп болуы мүмкін.
Жыл сайын өрттер мыңдаған гектар орманды жояды, табиғатқа және адамдарға үлкен залал әкеледі.
📌 Сол себепті баршаңызды шақырамыз:
— Құрғақ шөпті өртемеңіз!
— Бұл әрекеттің қауіпті екенін балаларға және көршілерге түсіндіріңіз.
— Өртті байқасаңыз – дереу төтенше қызметтерге хабарлаңыз.
— Табиғатты қорғау акцияларына белсенді қатысыңыз.
Табиғат – бәріміздің ортақ байлығымыз!
Өзіміз үшін де, болашақ ұрпақ үшін де оны бірге қорғайық!
Күннің көзі жарқырап, табиғат қайта оянды. Резерват аумағында алғашқы көктемгі гүлдер бүр жарып, құстар туған өлкесіне қайта орала бастады. Бұл — тіршіліктің жандануын, табиғаттың ерекше әсем сәтін білдіретін керемет мезгіл!
Әрбір құстың сайрауы мен гүлдің ашылуы — бізге табиғатты сүю мен қорғаудың маңызын еске салады. Табиғаттың әр тынысы — баға жетпес қазына.
Біз осы әсем көріністердің куәсі бола отырып, оны келер ұрпаққа аман жеткізуге бар күшімізді саламыз!
Біз – таза болашақ үшін күресеміз!
Сыбайлас жемқорлық – қоғамды іштен ірететін, әділдікке балта шабатын қауіпті індет. Ол тек мемлекетті емес, әр отбасыға, әр азаматқа кері әсерін тигізеді. Сондықтан бұл зұлымдықпен күрес — барлығымыздың ортақ міндетіміз!
Мақсатымыз — әділ қоғам құру, жастарға адалдық пен парасаттылықты үлгі ету. Әрбіріміз өз орнымызда заң мен ар-ұждан шеңберінде әрекет етіп, жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруымыз қажет.
🔹 Адал еңбек – болашақтың кепілі
🔹 Таза ниет – үлкен өзгеріске бастайды
🔹 Әр азаматтың белсенділігі – жеңістің негізі
Сен де үн қос!
#ЖемқорлыққаЖолЖоқ#АдалҚазақстан #ТазаҚоғам
#TAZALIKE
«Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында резерваттың техникалық қызметкерлері мен Ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімі бірлесе отырып, резерват ғимаратының аумағына 15 дана қарағай көшетін отырғызды.
Бұл бастама — болашақ ұрпаққа таза ауа, жасыл орман мен табиғатқа деген қамқорлықтың нақты көрінісі. Әр отырғызылған көшет — табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің белгісі.
Қарағай – тек ағаш емес. Ол – өмір, тыныс, тұрақтылық. Бүгін отырғызылған көшеттер ертең орманға айналады.
Біз табиғатты қорғай отырып, өз болашағымызды қорғаймыз!
Табиғатқа жанашыр бол!
Таза Қазақстан – бәрімізге ортақ міндет!
#ТАЗАҚАЗАХСТАН
#TAZALIKE
Осыған байланысты орман өртіне жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.
📌 ОРМАНДА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Жанып тұрған темекі қалдықтарын, сіріңкені тастауға
Шыны заттарды қалтыруға (бөтелке)
Арнайы жабдықталмаған жерде автокөлікті қоюға
Майланған немесе жаңғыш заттармен сіңген материалдарды тастауға
📌 ОТ ЖАҒУҒА БОЛМАЙДЫ:
Жас қарағай көшеттерінің жанына
Кепкен шөптер бар жерлерде
Бүлінген орман учаскелерінде
☎ ОРМАНДА ӨРТ АНЫҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙДА
ТӨМЕНДЕГІ НӨМІРЛЕРГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ:
8(7182) 78-77-32
8(71836) 32-2-22
8(71836) 32-2-72
87056019680
101
‼ ОРМАНДЫ ӨРТТЕН САҚТАҢЫЗДАР! ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛУ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА!
🔥 “Ертіс орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында және оған іргелес жерлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шөпті өсімдіктерді бақылап жандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бұл алдын алу шарасы орман өрттерінің таралу қаупін азайту үшін ұйымдастырылған және мамандардың қатаң бақылауымен жүзеге асырылуда. Жану процесі толықтай бақыланып, экологиялық қауіпсіздік талаптары сақталады.
Тұрғындардан алаңдамауды, түсіністікпен қарауды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұраймыз. Егер түтін немесе от көзін байқасаңыз, бірден жергілікті орман қорғау қызметіне
📞 +77056019680 немесе ☎101 ☎ 112 нөмірлері арқылы төтенше жағдайлар бөліміне хабарласыңыз.
Көктем мен күз мезгілдерінде құрғақ шөпті өрттеу орны толмас зиян келтіреді:
🚒 Оттың тез таралуы – жалын санаулы минут ішінде орманға, үйлерге және шаруашылық нысандарына жайылуы мүмкін.
🌿 Жануарлар мен құстардың қырылуы – олардың ұялары мен мекендейтін орындары отқа оранады.
🌍 Экологияға зиян – ауаға улы заттар таралып, қоршаған ортаның ластануына әкеледі.
⚠ Адам өміріне қауіп – шөпті өрттеуден күйік алу, түтіннен улану, тіпті адам өліміне дейін апаратын жағдайлар жиі кездеседі.
❗ Есте сақтаңыз: Құрғақ шөпті өртеу заңмен тыйым салынған! Бұл үшін айыппұл және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
✅ Қауіпсіз тазарту әдістерін қолданыңыз.
✅ Өртті байқасаңыз, дереу 101 нөміріне хабарлаңыз.
Табиғатты бірге қорғайық! Орманды, туған жерді өрттен сақтайық!🌲🔥
Көктемгі құстардың оралуын бақылау мақсатында жүргізілген кезекті дала жұмыстары кезінде ғылыми қызметкерлер бірнеше құс түрін, атап айтқанда Ала қарға, Қара кезқұйрық, От үйрек сияқты құстардың келу сәтін бақылады.
Жалпы, резерват аумағында құстардың 50 түрі мекендейді, оның ішінде 4 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Ең қызығы, ғылыми зерттеулер барысында бұрын бұл аймақта тіркелмеген жаңа құс түрлері анықталды. Қазіргі уақытта оларды зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл резерваттың биологиялық әртүрлілігі жоғары екенін және құстар үшін маңызды мекен екенін тағы бір дәлелдейді.
Табиғатты бірге қорғайық! Құстардың оралуын бақылау және олардың мекендеу ортасын сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!
“Ертіс орманы” табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары Шарбақты және Аққулы аудандарының мектеп оқушыларымен бірге 308 құс ұясын жасап, орнатты!
Бұл акцияның басты мақсаты – құстарға қолайлы мекен дайындау, олардың популяциясын сақтауға үлес қосу және жастарға экологиялық тәрбие беру. Құстар – табиғаттың ажырамас бөлігі, ал олардың санының көбеюі экожүйенің тұрақтылығына әсер етеді.
Қанатты достарымызға жаңа үй сыйлау – табиғатты аялаудың бір көрінісі!

Халықаралық Құстар күніне орай, табиғи резерват қызметкерлері мен Шалдай ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Шалдай мектебінің оқушыларына ”Құстар әлемі”тақырыбында танымдық дәріс өтті.
Оқушылар өңірімізді мекендейтін құстар туралы қызықты деректер тыңдап, табиғаттың қанатты тіршілік иелері жайлы білімдерін кеңейтті. Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстарға ерекше назар аударылды.
Табиғатты қорғау – әрбіріміздің міндетіміз! Осындай шаралар арқылы өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру маңызды.