«Ертіс орманы» МОТР РММ-нің заңгері Есумканов М.З. қызметкерлерге құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған дәріс өткізді.
Дәріс барысында заңнаманың негізгі нормалары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Әрбір азаматтың заң талаптарын сақтау жауапкершілігін сезінуі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар қоғамда әділеттілік, заңдылық және өзара құрмет қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді.



