Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Құжаттар
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский
Aitu
ertis.ormany@mail.ru

Жаңалықтар

Өртпен арпалыс: бір күн, бір жеңіс

Өрт қаупі жоғары маусымда орман алқаптары үлкен сынға түсуде. Резерват аумағында тіркелген өрттердің 95%-ы найзағай салдарынан туындайды. Кей күндері бірден бірнеше жерде жану оқиғалары орын алып жатады.

Мемлекеттік орман өрт сөндіру бөлімінің және Қазавиаорманқорғау қызметінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде тілсіз жау дер кезінде анықталып, шағын аумақтарда оқшауланып жатыр.

Бүгін біз сіздерге кезекті өртпен күрес сәтінен әсерлі бейне ұсынамыз. Бұл – тек мамандардың емес, табиғаттың тыныштығы үшін жанын шүберекке түйген ерлердің еңбегі.

Орман – ортақ байлығымыз.

Ормандар – ұлттың байлығы, ал тазалық – әр азаматтың жауапкершілігі!

Орманшылар үшін орманды қорғау мен тазалық сақтау – күнделікті міндет. Бірақ табиғаттың шынайы қамқоршысы болу біздің әрқайсымыздың борышымыз.

Қоқысты қалдырмаңыз, табиғатқа құрметпен қараңыз.
Таза орман – болашақ ұрпаққа аманат.

Таза Қазақстан – таза табиғаттан басталады!
Сен де үлес қос – табиғатты бірге қорғайық!

🦌 Біз фототұзаққа түскен көрікті сәттермен бөлісуді жалғастырамыз!

Бұл жолы камера елік төлдерімен бірге жүрген сәтін түсіріп алды — бұл табиғаттың қорғалатын аумақта еркін өмір сүріп жатқанын дәлелдейді.

❗ Еске саламыз: «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында барлық аң түрлеріне аңшылық жасау қатаң түрде тыйым салынған.
Бірге табиғатты сақтайық!

#ЕртісОрманы #фототұзақ #жабайытабиғат #елік #табиғатқорғау#

Қауіпсіз шабындық – ортақ міндет!

«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары Шарбақты ауданының полиция бөлімімен бірлесіп, «Қауіпсіз шабындық» акциясы аясында шабындық алқаптарда рейдтік түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
⠀
Іс-шараның мақсаты – өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және халық арасында ақпараттандыру жұмыстарын күшейту. Құрғақ шөп пен жоғары температура жағдайында оттың шығу қаупі аса жоғары, сондықтан әр азаматтың сақтығы маңызды.
⠀
Құрметті өңір тұрғындары!
Өрттің алдын алу – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Табиғатты өрттен қорғау үшін келесі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұраймыз:
- от жағуға болмайды;
- сөндірілмеген темекі мен шырпыны тастамаңыз;
- арнайы жабдықталмаған жерде қоқыс пен шөп қалдықтарын жағуға тыйым салынады.
⠀
Өрт немесе заңбұзушылық фактілерін байқаған жағдайда 112 нөміріне немесе орман қызметіне хабарласыңыз.
⠀
Табиғатты бірге қорғайық!

Научно-исследовательские работы

«Ертіс орманы» резерваты мен Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының арасындағы келісімшартқа сәйкес, мемлекеттік орман табиғи резерваты «Ертіс орманы» аумағында орман дақылдарының өсіп-жетілуін арттыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Зерттеу аясында келесі жұмыстар атқарылуда:
— топырақтың ылғалдылығы мен химиялық құрамын анықтау үшін сынамалар алынуда;
— дендрохронологиялық зерттеулер жүргізу мақсатында жақын маңда табиғи өскен қарағайлардан керн үлгілері алынуда;
— ауаның орташа температурасы сияқты климаттық көрсеткіштер зерттелуде.

Зерттеудің басты мақсаты – отырғызылған орман дақылдарының жерсінуін арттыруға әсер ететін негізгі факторларды анықтап, ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу.

 

Read more ...

Құрметті оқырмандар!

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының ақпараттық сайтына қош келдіңіздер!
Табиғи резерваттың жалпы көлемі 277961 га, оның ішінде орманмен көмкерілгені 194267 га. Резерваттың орман аумағы 57% құрайды.
Табиғи резерваттың аумағына «аса құнды орман алқаптары» қорғанысының санаты берілген.
Ол Павлодар облысы – Шарбақты және Аққулы екі әкімшілік аудандарының аумағында орналасқан.
Резерваттың негізгі міндеттері:
Экожүйелердің тұтастығын, бірегей табиғи кешендер мен нысандарды, тарих пен мәдени ескерткіштерін сақтау;
Бұзылған табиғи және тарихи – мәдени кешендер мен нысандарды қалпына келтіру;
Табиғи кешендерді дамытудың табиғи жағдайын зерделеу және экологиялық мониторинг жүргізу;
Халыққа экологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру, оқушылар мен студенттердің оқыту экскурсиялары мен сабақтарын, өндрістік тәжірибелерін өткізу;
Экологиялық туризмді ұйымдастыру және іске асыру, осы мақсаттарға арналған заңмен белгіленген тәртіпте шектеулі шаруашылық қызметті қалпына келтіру.
Резерваттың ақпараттық сайты арқылы резерват аумағында атқарылып жатқан жұмыстарымен, орман шаруашылығының жаңалықтарымен таныса отырып, өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарыңызды қоя аласыздар.

Құрметпен, «Ертіс орманы» МОТР РММ бас директорының м.а.
Сырым Мұратұлы Елемесов

”Таза Қазақстан” акциясы аясында ортақ іске үлес!

Тазалық — әр адамнан, әр үйден, әр көше мен жолдан басталуы тиіс. Себебі бұл — біздің орта, болашақ ұрпаққа қалдыратын аманат.
⠀
«Жас келсе – іске» демекші, Шақа ЖОББМ оқушылары, мектеп орманшылығы мүшелері және Бесқарағай орманшылығының бас орманшысы Қасымов Б.Д. жетекшілігімен 0,5 гектар аумақта тазалық жұмыстары жүргізілді.
⠀
Ортақ іске жұмыла кірісу — қоршаған ортаны құрметтеудің жарқын көрінісі. Табиғаттың тазалығы – әр адамның ішкі мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің айғағы.
⠀
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерваты “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында баршаңызды табиғатты қорғауға және тазалықты сақтауға шақырады!

Орманды өрттен сақтайық!

Табиғат – біздің ортақ байлығымыз. Бір ғана сіріңке тұтас орманды күлге айналдыруы мүмкін.
⠀
Орман өртінің негізгі себептері:
- Абайсыз тасталған темекі немесе от;
- Рұқсатсыз от жағу;
- Құрғақ шөпті жағу;
- Әдейі өртеу.
⠀
Есте сақтаңыз:
- Орманда от жағуға тыйым салынады;
- Демалыстан кейін отты толық өшіріп кетіңіз;
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
⠀
Өрт белгілерін байқасаңыз, бірден 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз!
⠀
Орман – ұрпаққа аманат!
Қорғайық, сақтайық, қадірлейік!

Қауіпсіз шөп шабу: түсіндіру жұмыстары жалғасуда!

Өрт қаупі жоғары маусымда мемлекеттік инспекторлар шөп шабумен айналысатын тұрғындар арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыстарын жүргізуде.
⠀ Негізгі назар келесі бағыттарға аударылуда:
- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
- техникаларды өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау;
- құрғақ шөп пен қоқысты жағуға тыйым салу.
⠀
Әрбір сақтық шарасы – орманды өрттен сақтау жолындағы маңызды қадам!

Ғылыми зерттеу аясында фототұзақ орнату жұмыстары жалғасуда

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында жабайы жануарлардың популяциясын бақылау мақсатында фототұзақтар орнату жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Бұл құрылғылар жануарлардың қозғалысын автоматты түрде түсіріп, олардың түрлік құрамын, таралу аймағын және тіршілік әрекеттерін зерделеуге мүмкіндік береді. Жиналған деректер ғылыми-зерттеу жұмыстарында және табиғатты қорғау шараларын жоспарлауда маңызды рөл атқарады.

Фототұзақтар арқылы сілеусін, бұлан, елік және басқа да жануарлардың ерекше сәттері тіркелуде.

Табиғатты зерттеу — оны қорғаудың сенімді жолы.

13 бет. Барлығы: 55

  • 8
  • 9
  • 10
  • 11
  • 12
  • 13
  • 14
  • 15
  • 16
  • 17


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы