Өрт қауіпті кезеңде мамандар тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын өткізіп, ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ақпараттық жадынамалар таратуда 🔥
Тұрғындарға өрт қауіпті маусымда от жағуға тыйым салынатыны, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастауға болмайтыны және табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығы ескертілді 🌿
Мұндай іс-шаралардың басты мақсаты — орман өрттерінің алдын алып, туған өлкенің табиғи байлығын сақтау. Себебі бір ғана ұшқын үлкен апатқа себеп болуы мүмкін.
Орманды қорғайық — бұл баршамызға ортақ байлық! 🌳
#ЕгіндіОрманшылығы#ШалдайФилиалы#ОрмандыҚорғайық#ӨртҚауіпсіздігі#ЕртісОрманы#ӨртсізОрман










