Акция барысында оқушылар тұрғындарға табиғат аясындағы тәртіп ережелері, қоқысты дұрыс жоюдың маңыздылығы және қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы жадынамалар таратты ♻️
Сонымен қатар табиғатты қорғау полициясының қызметкерлерімен бірге қатысушылар аудан тұрғындарына табиғи қорғалатын аумақта болу ережелерін сақтамағаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды. Бұл аумақ — аудан тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының бірі 🌲
Осындай іс-шаралар балаларға туған өлкенің табиғатын қорғау ісіне өз үлесін қосып жатқанын сезінуге мүмкіндік береді 🌍✨ Себебі табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады 🤝🍃
#ПарктерШеруі2026 #ЖасылПатруль #ТазаҚазақстан #ТабиғаттыАялайық #ЩарбақтыАуданы
————-






