Орманшылар күн сайын орманды өрттен, заңсыз ағаш кесуден және браконьерліктен қорғайды. Олар аумақтарды патрульдеп, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын бақылап, орман қорының жағдайын қадағалайды.
Өрт қаупі жоғары маусымда орман күзеті күшейтілген режимде жұмыс істеп, өрт ошақтарына жедел әрекет етеді.
Ботабас, Жерді Алан, Егінді және Басқұдық орманшылықтарының қызметкерлері де табиғатты қорғау жолында аянбай еңбек етіп, орман қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Орманшы еңбегі жауапкершілікті, батылдықты және табиғатқа деген сүйіспеншілікті талап етеді. Олардың еңбегінің арқасында орман сенімді қорғауда.
#ЕртісОрманы #Орманшылар #ТабиғаттыАялау #ОрманКүзетінде #ӨртҚауіпсіздігі #БотабасОрманшылығы#ЖердіАланОрманшылығы#ЕгіндіОрманшылығы#БасқұдықОрманшылығы






