Орман — жануарлар, құстар мен өсімдіктердің мекені. Алайда адамдар тастап кеткен қоқыс, әсіресе пластик, табиғатқа орасан зиян келтіреді.

Пластик бөтелкелер, пакеттер мен түрлі қаптамалар жүздеген жылдар бойы ыдырамайды. Осы уақыт ішінде олар топырақ пен су көздерін ластайды, ал жануарлар пластикті азық деп ойлап, зардап шегуі немесе қырылып қалуы мүмкін. Сонымен қатар, шыны мен пластик ыстық күндері орман өртіне себеп болуы ықтимал.

Орманда қалған әрбір пакет пен бөтелке — экожүйеге және болашақ ормандарға төнген қауіп.

❗ Орманнан шыққанда:
✅ қоқысты өзіңізбен бірге алып кетіңіз;
✅ пластик бөтелке мен пакеттерді тастамаңыз;
✅ табиғатты қорғап, өзгелерге үлгі болыңыз.

Табиғатты бірге қорғасақ қана орманымызды таза, қауіпсіз әрі келер ұрпаққа аман сақтай аламыз. 🌿

#ЕртісОрманы #ОрмандыҚорғайық #ПластиккеЖолЖоқ #ТазаОрман #Экология #ТазаҚазақстан #ТабиғаттыАялау #ОрманҚорғау