Резерваттың аңшылық мамандары жабайы жануарларды қосымша азықтандыру мақсатында дәнді дақылдар егу жұмыстарын жүргізуде.

Азықтық алқаптарды құру — жем-шөп қорын арттыруға, тұяқты жануарлар мен басқа да жануарлар дүниесінің санын сақтап, көбейтуге бағытталған маңызды биотехникалық шаралардың бірі.

Азықтық алқаптар табиғи азық қорын молайтып қана қоймай, жануарларды тіршілік етуге қолайлы аумақтарда тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Мұндай алқаптар негізінен елік, бұлан және орман құстарына арналып ұйымдастырылады.

Егіс алқаптары жануарлар көп шоғырланған жерлерге орналастырылады, бұл азық қорын тиімді пайдалануға ықпал етеді.

Жануарларды ұзақ уақыт бойы азықпен қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі.