Жаңалықтар


Негізгі биотехниялық шаралардың бірі-жасанды суару құрылғылары болып табылады. Осы орайда аңшылықтанушылар жасанды суару құрылғыларын тазалап отырады.
Табиғи резерват аумағында 50-ге жуық құрылғылар бар.
Құрғақ климатқа байланысты биотехниялық шаралардың бұл түрі маңызды. Сусыз тіршілік жоқ. Су ресурстарының арқасында орман тұрғындарының саны төмендемейді, тек көбейеді.
Жергілікті тұрғындармен түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстары, мектеп оқушыларына арналған дәрістер мен сыныптан тыс сағаттарда өткізілуде.
Жануарларды суару және тамақтандыру ғана емес, сонымен бірге ерекше қорғалатын табиғи аумақта аң аулауды білмейтін әуесқойлардан сақтау керек. ЕҚТА аумағында заңсыз аң аулағаны үшін бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл көзделген.
Табиғат қорғау заңнамасының ережелерін сақтаңыз! Табиғатты қорғаңыз.

Мемлекет басшысының Таза Қазақстан экологиялық акциясын өткізу тапсырмасын орындау, орманды сақтау және молықтыру идеясын қолдау мақсатында, Орман шаруашылығы қызметкерлері күні қарсаңында «Ертіс орманы» табиғи резерватында кәдімгі қарағай көшеттері отырғызылды.
Акция, Есілбай, Шалдай ауылының тұрғындарымен қолдау тапты.
Акцияға қатысушылар Сейтен орманшылығында 4500 дана жас қарағай көшеттерін отырғызды.
Акцияға барлығы 50 адам қатысты.
Осындай іс-шара азаматтарды табиғатты аялауға, ормандарды қалпына келтіру және сақтауда маңызды рөл атқарады.
Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні аясында резерват аумағында бірқатар биотехникалық іс-шаралар өткізілуде. Іс-шаралар жануарлардың тіршілік ортасын жақсартуға және табиғи экожүйелерді қорғауға бағытталған.
Іс-шаралар жоспары:
- Қыс мезгіліне дайындық ретінде жабайы жануарлар үшін жем-шөп дайындау және тарату;
- Суаттарды тазарту және жабайы аңдардың суға қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- Бақылау камералары арқылы жануарлардың қозғалысын қадағалау және олардың санын есепке алу.
Бұл жұмыстар табиғатты қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Резерват қызметкерлері жануарлардың табиғи мекендеу ортасын сақтау үшін бар күш-жігерін салуда.
Бәріміз бірге табиғатты және жануарлар әлемін қорғайық!

Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл - кеңестеріңіз, тәлім - тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың Орман шаруашылығының өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен.
Сіздер әрқашан құрметке лайықсыздар. Барлық уақытта адамзат үшін қарттардың даналығы жастар үшін баға жетпес байлық болып табылады.
Құрметті аға ұрпақ өкілдері! Осынау айтулы мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және белсенді ұзақ ғұмыр тілеймін. Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!
Сіздер біздің қамқорлығымыз бен жылулығымызды сезіну үшін қолымыздан келген істердің бәрін жасаймыз деп айта аламын.

Пішен шабу кезде, өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауды сұраймыз:
1. Орман алқабының маңында сабандарды өртемеу;
2. Ауыл шаруашылығы жерінде өрт жасамау;
3. Пайдалануға жарамды жабдықтау жүйесі мен жарамды ұшқын сөндіргіші бар автотракторлық техникаларды пайдалану;
4. Далада сөндірілмеген шылым қалдықтары мен сіріңкелерді тастамаңыздар.
Өрт орман алқабына кіріп кетуі мүмкін екенін естеріңізде сақтаңыздар.
Орманда Өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының іс-жүзіндегі заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Халықты орманды дала өртін байқап қалған жағдайда, өрт туралы резерваттың орман қорғау жұмыскерлеріне немесе 101 нөміріне ТЖ қызметіне хабарлауларыңызды сұраймыз.

Іс-шараның мақсаты - өнімді диалог үшін туристік нарық мамандарын біріктіру, ішкі және көшпелі туризм саласында жаңа бағыттар құру.
Туристік ұйымдар туристік орындардың презентациясын дайындады, сонымен қатар кәдесыйлар мен жарнамалық өнімдерді көрсетті.

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегінде резерват басшылығы орман салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағымен бірлесіп Павлодар облысының орман салалары ұйымдары арасында еңбек күніне арналған өрт-қолданбалы спорт түрі бойынша жарыс ұйымдастырды.
Жарыс 4 кезеңнен тұратын эстафета түрінде өтті:
- жауынгерлік киім кию
- кедергілер жолағы
- екі өрт сөндіру жеңінің қосып магистральдық желіні төсеу
-, нысананы сумен атып ыдысты толтыру
Бірінші орынды Шалдай филиалының Сейтен орманшылығының командасы, екінші орынды Бесқарағай филиалының Майқарағай орманшылығының командасы, үшінші орынды Шалдай филиалының орман өртін сөндіру станциясының командасы иеленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсатты күрес барлық мемлекеттік органдардың қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Табиғи резерваттың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
Ағымдағы жылдың 27 қыркүйек күні бас директордың м.а. Қ.Қ. Әметов орман шаруашылығы жұмыстары барысында туындауы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын – алу мақсатында табиғи резерват ұжымына кезекті жиын өткізді.
Жиын соңында адал қоғамды қалыптастыру әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігі ортаға салынып, қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауаптар берілді.
Резерваттың әдеп бойынша уәкілі резерватта сыбайлас жемқорлық және лауазымдық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және қызмет әдебін сақтау бойынша іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп отырады.