«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты – табиғи байлығымыздың алтын қоры. Бұл аумақта өсімдіктердің 📊 247 түрі тіркелген. Оның ішінде 📕 7 өсімдік түрі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген. Яғни бұл – жойылып кету қаупі бар, сирек кездесетін ерекше өсімдіктер.
Бүгінгі таңда резерват аумағында көктемнің нәзік көркі – Қызыл кітапқа енген гүлдер жаппай гүлдеп тұр:
🌺 Көктемгі жанар гүлі – Ерте көктемде гүлдейтін, көздің жауын алатын ерекше өсімдік. Дәрілік қасиеті бар.
🌼 Сарғылт құндызшөп– Ашық-сары түсті нәзік гүл. Шөптесін көпжылдық өсімдік.
🌷 Ашық құндызшөп – Ерекше әсемдігімен көз тартатын дала гүлі.
Бұл өсімдіктердің барлығы мемлекеттік қорғауға алынған. Оларды жұлғаныңыз, зақымдағаныңыз немесе жойғаныңыз үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған (ӘҚБтК-нің 389-бабы, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы және т.б.).
Біз не істей аламыз?
• Табиғат аясына шыққанда гүлдерді жұлмайық!
• Балалар мен жастарға сирек өсімдіктердің маңызын түсіндірейік.
• Әлеуметтік желіде табиғатты қорғауға үн қосайық!
Есіңізде болсын:
Әр жұлып алған гүл – табиғаттың бір бөлшегінің жоғалуы.
Әр сақталған гүл – болашақ ұрпаққа қалған байлық.
✅ Табиғатты аяла!
🌷 Сирек өсімдіктерді сақтайық!
📕 Қызыл кітап – ескерту емес, әрекетке шақыру!