«Ертіс орманы» МОТР РММ-де маусымдық қызметкерлерге арналған оқыту іс-шарасы өткізілді.

Оқытуға қатысқандар:
— радистер
— ЦОУ операторлары
— орман өрт сөндіру бригадаларының жұмысшылары
— жүргізушілер мен тракторшылар
— Борабай орманшылығының мен орталық ОӨС (орман өрт сөндіру станциясы) бақылаушылары

Іс-шараның негізгі мақсаты — өрт қауіпті кезеңде жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау және білім деңгейін арттыру болды.

Оқытуды Шалдай филиалының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері Н.Н.Куликова жүргізді. Сабақ барысында қауіпсіз жұмыс істеу ережелері, төтенше жағдайларда әрекет ету тәртібі, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді.

Оқыту соңында қатысушылардың алған білім деңгейін бағалау мақсатында тестілеу өткізілді.

Мұндай іс-шаралар еңбекті қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастырып, әрбір қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

 

image-30-03-26-11-39.jpgimage-30-03-26-11-39-1.jpgimage-30-03-26-11-39-2.jpg