Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз Ұлттық киім күніне арналады — бұл күні біз өз тамырымызға, салт-дәстүрімізге және мәдени мұрамызға ерекше құрметпен қараймыз.
Ұлттық киім — тек киім үлгісі ғана емес, ол халықтың тарихы мен болмысын бейнелейтін маңызды құндылық. Қазақтың дәстүрлі киімдері ою-өрнектермен әшекейленіп, терең мағынаға ие, олар береке-бірлікті, сұлулықты және ұрпақтар сабақтастығын білдіреді.
Бұл күні еліміздің тұрғындары ұлттық киім киіп, ата-бабамызға деген құрметін және ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Бұл — халқымыздың бай мұрасын сақтап, оны кеңінен насихаттаудың тамаша мүмкіндігі.
Ұлттық киім күні бірлік пен мақтаныштың, дәстүр жалғастығының нышанына айналсын!

