2026 жылғы 22 қаңтардағы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің тапсырмасын орындау аясында «Ертіс орманы» МОМТР РММ туризм және экологиялық ағарту бөлімінің мамандары 2026 жылғы 6 ақпанда «Экологиялық туризмді тұрақты дамыту және әлеуетті инвесторларды тарту» тақырыбында онлайн форматта кеңес өткізді.
Кеңеске келесі өкілдер қатысты:
- Павлодар облысы Аққулы және Шарбақты аудандары әкімдіктерінің өкілдері;
- жерлері резерват аумағына іргелес орналасқан ауылдық округтердің әкімдері;
- Павлодар облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшысы;
- Аққулы және Шарбақты аудандарының кәсіпкерлік бөлімдерінің өкілдері.
Кездесу барысында экологиялық туризмді дамыту перспективалары, инвестиция тарту мәселелері, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мүмкіндіктері талқыланды.
Айта кету керек, резерват бірегей реликті қарағайлы орман болып табылады. Экожүйені сақтау мақсатында тек пассивті қорғаудан басқарылатын және тұрақты туризмге көшу қажеттігі атап өтілді. Табиғи мұраны сақтауда әлеуетті серіктес ретінде инвесторларды тартудың маңыздылығы ерекше көрсетілді. Экологиялық туризмді дамыту қорықтық режимді қатаң сақтай отырып жүзеге асырылатын болады.
Кеңеске қатысушыларға жоспарланып отырған жер учаскелері бойынша таныстырылым ұсынылды.
«Ертіс орманы» МОМТР РММ тұрақты экологиялық туризмді дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.





