Жаңа жыл мерекелері қарсаңында  «Ертіс орманы» МОТР РММ  қызметкерлері қылқан жапырақты ормандарды қорғау мақсатында рейдтік тексерулерді күшейтті.
Назар аударыңыздар: қарағайларды заңсыз кесуге қатаң тыйым салынады. Орман ресурстарын сақтау – экологиялық тепе-теңдікті сақтау және табиғатты келер ұрпаққа таза күйінде жеткізудің маңызды кепілі.
 ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1-бабы 3-тармағына сәйкес, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу немесе зақымдау жеке тұлғаларға 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеледі. Ал келтірілген зиян мөлшері 50 АЕК-тен асқан жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 3-тармағына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Орманды қорғайық, табиғатты қадірлейік, заңды сақтайық!
 
image-08-12-25-05-26.jpegimage-08-12-25-05-26-1.jpegimage-08-12-25-05-26-2.jpegimage-08-12-25-05-26-3.jpegimage-08-12-25-05-26-4.jpeg