Шарбақты ауданында «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының қызметкерлері Шарбақты ПБ қызметкерлерімен бірлесіп күнделікті профилактикалық рейдтер өткізуде.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты — қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактілерінің алдын алу және табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету. Рейд барысында аудан аумағында және орман алқаптарына жақын жолдарда қозғалатын автокөліктерге ерекше назар аударылуда.
Бүгінгі күнге дейін жүргізілген бірлескен тексерулер барысында 20-дан астам автокөлік құралы тексерілді. Заңсыз қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдау және өзге де құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Профилактикалық шаралар ЖПІШ «Шырша» аяқталғанға дейін жалғасатын болады. Орман қорғау мамандары мен полиция қызметкерлері аудан тұрғындарын заң талаптарын сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға шақырады.