Жаңалықтар

Жыл сайын "Ертіс орманы" МОТР РММ аумағында жабайы жануарлар санын сақтау және көбейту үшін биотехникалық іс-шаралар кешені және жабайы жануарлар мен құстардың санына сана қжүргізіледі. Жыл сайынғы санақ жүргізу оларды резерват аумағы бойынша бөлу, санының, шоғырлану орындарының болуы туралы қажетті деректерді алуға, жануарлдардың санына байланысты биотехниялық іс-шаралар өткізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Ұлттық киім белгілі бір ұлттың, мәдениеттің бет бейнесін көрсетіп тұратын ғажайып дүние. Оның эстетикалық, этно-мәдени, қоғамдық мәні де орасан.
Наурызнаманың онкүндігін мерекелеу аясында табиғи резерват орманшылары мен мамандары Ұлттық киім күнін атап өтті.
Орманшылар бұл мерекені қолдап, асыл қазынамыз ұлттық киімдерімізді киюді қолға алып, ұлттық құндылығымыз, мәдениетімізді дәріптеу мақстында формаларын ұлттық костюмдерге ауыстырды.

Жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 15 наурыз күні «Ертіс орманы» табиғи резерватының бас директорының м.а. Қазбек Қасымұлы Әметов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Келіп түскен өтініштерді мұқият қарап, түсініктемелер берілді.
Қабылдауға келесі байланыс номірлері арқылы жазылуға болады:
8(71836) 3-22-52 қабылдау бөлімі.
8(777)545-09-45 ұялы телефон

Құрметті Қазбек Қасымұлы!
Сізді бүгінгі келіп жеткен туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздің басты байлығы орманды қорғауда жасап жатқан еңбегіңіз әрқашан жана берсін!
Өз ісіңізге жауапкершілігіңізбен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз!
Отбасыңыз әрдәйім аман болып, ырыс- бағыңыз ортаймасын, мерейіңіз үстем болсын!
І/Н “Ертіс орманы” МОТР РММ ұжымы

20 жылға жуық жыл он екі ай өскіндерді өсіріп,күтіп, табиғатпен біте қайнасқан Дариға Сапарованың еңбегін атап өтуді жөн көрдік.
Шалдай орман шаруашылығында еңбек ететін Дариға Сапарованы әмбебап әйел деуге болады. Өйткені ол жазда осындағы орман тұқымбағында, ал қыста ағаш тұқымын алумен айналысады. Айтуынша, екеуі де оңай емес, жауапкершілігі мол. Дариға Сапарова, орман шаруашылығының қызметкері: - Мұнда жұмыс істеу қиын. Екінің бірінің қолынан келмейді. Тұқым алу үшін бұл жерде үнемі пеш жанып тұрады. Яғни өте ыстық. Қондырғыға түскен қарағай бүршігін қатты күйдіріп алмау керек. Соны да қадағалап тұрамыз. Ол күйіп кетсе, тұқым да жарамай, сараптамадан өтпей қалады. Жаздың ыстығы мен күн райының түрлі қолайсыздығына қарамастан тұқымбақта көшеттерді сеуіп, оларды күтіп баптап тиісті отырғызу материалына жеткізуде осы Дариға Сапаровамен оның әріптестерінің мойынында. Еңбекқорлығы мен табандылығының арқасында Дариға Сапарова бірнеше рет марапатқа ие болды.
Орманшы әйел ер әріптестерін сұлулығы мен мейірімділігіне тәнті етуімен қатар, ең алдымен еңбекші әйелге, үй шаруасындағы әйелге деген құрмет сезімін оятады!

Ағымдағы жылдың 04 наурыз күні «Ертіс орманы» табиғи резерватының бас директорының м.а. Қазбек Қасымұлы Әметовтың басшылығымен филиал директорлары мен инженерлік құрамының, бас орманшылардың қатысуымен техникалық кеңес өтті.
Кеңесте көктемгі орманды қалпына келтіру жұмыстары мен 2024 жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық барысы талқыланды.
Жиын барысында орманшыларға бірқатар тапсырмалар берілді атап айтқанда:
-өрт қауіпті маусымға дайындық жүргізу (жедел жоспар әзірлеу, өртке қарсы техниканы, жабдықтар мен бақылау нысандарын жөндеу, орманшылықтар бойынша сыйымдылықтар мен ұңғымалардың жай-күйін тексеру, тұрақты телефон және радио байланысын қамтамасыз ету, тұрақты түрде табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің оның ішінде заңсыз ағаш кесуді алдын алу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізу);
- Шарбақты және Аққулы аудандарының орман алқабына жақын елді-мекен тұрғындарын жұмыс орнымен қамтамасыз ету мақсатында, ағаш дайындау бригадаларын жергілікті тұрғындардан қалыптастыру. Ағаш кесу бригадалары ағаш кесуді орындау кезінде ормандағы өрт қауіпсіздігі және ағаш кесу ережелерін қатаң сақтау;
-резерваттың 2 орман тұқымбағында отырғызу материалының сапасын жақсарту мәселесін қарастыруға, агротехникалық нормаларды сақтай отырып, орман дақылдарын отырғызу сапасына тұрақты бақылау жүргізу;
- ғылым бөлімінің қызметкерлері қурап қалған ағаштарды, ағаштың түрлі ауруларын зерттеу мақсатында ғылыми институттармен бірлесіп жұмыс жасау.
Техникалық кеңес соңында табиғи резерват заңгері – әдеп бойынша уәкіл- Мұрат Есұмқанов қызметкерлермен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында кезекті дәріс өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және алдын алу мақсатында қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нормативтік-құқықтық актілермен, ҚР Қылмыстық кодексінің және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жөніндегі баптарының мазмұнымен таныстырылды.
Қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа «Нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыруға және «Пара алмау және бермеу» қағидаты бойынша парақорлықты тұрмыстық деңгейде жоюға басты назар аударылды.
Табиғи резерваттың орманшылары көктемгі ормандарды қалпына келтіру жұмыстарына дайындықтың бірінші кезеңін бастады.
Орман қалпына келтіру материалдарынын сақтау үшін дұрыс жағдай жасау- орман дақылдарын молайтудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта ауа-райының қолайлығына және ормандарда қардың қажетті мөлшерінің болуына байланысты орманшылар отырғызу жұмыстары басталар алдында көшеттерді сақтау үшін қарды үлкен үйінділерге үйіп жатыр.
Бұл шара отырғызылатын материалды сақтау үшін яғни, топыраққа отырғызғанға дейін оның өсуін тоқтату және көшеттердің кеуіп қалмауы үшін жүргізіледі.
Резерват аумағында барлығы 48 тоңазытқыш (қар үйіндісі) жасау жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың 27 ақпан күні ТКжНҚ бөлімінің басшысы Қобланды Атығаев Семей қаласында Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Орман өрттері-ХХІ ғасырдың жаһандық мәселесі» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Конференцияның мақсаты: ғылыми-практикалық негіздемелерді ескере отырып, орман өрттерінің проблемалық мәселелерін шешу бойынша іс-шараларды әзірлеу.
Орман өрттерінің алдын алуда атқарылатын маңызды іс-шаралар мен қарағай өсіру бойынша жаңа технологияларды пайдалану тақырыптары талқыланды.

Шарбақты ауданы әкімімен “Ертіс орманы” МОТР РММ Шалдай филиалында орналасқан облыстың киелі жері – Ғабдул-Уахит хазірет кесенесі аумағында туризмді дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Өзара ынтымақтастықтың бірқатар бағыттары белгіленді атап айтқанда қоршаған ортаны қорғау және туризмді дамыту, сондай-ақ аумақты абаттандыру шараларын жүргізу.

Жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 16 ақпан күні «Ертіс орманы» табиғи резерватының бас директорының м.а. Қазбек Қасымұлы Әметов азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Келіп түскен өтініштерді мұқият қарап, түсініктемелер берілді.
Азаматтарды жеке қабылдау күні мен уақыты алдағы уақытта қосымша хабарланады.
Қабылдауға келесі байланыс номірлері арқылы жазылуға болады:
8(71836) 3-22-52 қабылдау бөлімі.
8(777)545-09-45 ұялы телефон