Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский

rezervat@mail.kz

Жаңалықтар

Бұлан (Alces alces)

Еркек бұланның денесінің ұзындығы 3 м - ге дейін, биіктігі 2,3 м-ге дейін, құйрығының ұзындығы 12-13 см; салмағы 360-600 кг.аналықтары кішірек. Сыртқы түрі бойынша бұлан басқа бұғылардан айтарлықтай ерекшеленеді. Оның денесі мен мойны қысқа, құрғақ, өркеш түрінде. Басы үлкен, ілгек мұрынды, үстіңгі ерні салбыраған етті.
Бұлан - өте қызықты жануар.
Мысалы, мүйіздер жануарлардың дыбыстарды қабылдауына көмектеседі, олардың арқасында бұлан жақсы естиді.
1. Қыста қуат пен қоректік заттарды сақтау үшін бұлан мүйіздерін тастайды.
2. Бұландар алдыңғы өткiр тұяқтарының күшті соққысымен қорғанады, соққыдан тіпті аюдың өзі тірі қалмайды.
3. Аяқтары қатты созылған, сондықтан су ішу үшін бұлан суға терең түсуге немесе алдыңғы аяқтарына тізерлеуге мәжбүр болады.
 
2023 жылы резерват аумағында бұланның саны 193 басты құрады.

Прополка

Ағымдағы жылы резерват аумағында 4371,5 га көлемінде орман екпелеріне күтім жасау жұмыстары жоспарланған. Қазіргі уақытта 1054,5 га екі жылдық орман екпелері арамшөптен тазаланды. Күннің ыстығына қарамастан 200- ден астам адам тынбай еңбек етуде. Орман екпелерін өсіруде арамшөптерден уақытылы, әрі сапалы тазалау екпелердің белсенді өсу, даму үшін жеткілікті мөлшерде жарық пен ылғал, қоректік заттар алуна оразан зор септігін тигізеді.

Найзағай - өрттің себебі

Жазда найзағай жиі кездеседі. Найзағай үлкен токтармен сипатталады, оның температурасы 300 мың градусқа жетеді. Мұндай табиғи құбылыстың салдары өте өкінішті болуы мүмкін.

Өкінішке орай, жарқыраған найзағайдың сұлулығының артында қорқынышты қауіп бар - найзағай өрттің себебі болуы мүмкін.

Резерват аумағында өрттің жалпы жағдайларының 90% - ы ағаш діңіне енетін найзағайдың себебінен орын алады, кейіннен жану орын алады. Бүгінгі күні резерват бойынша найзағайдың себебінен өрттің 8 жағдайы тіркелген, олар резерваттың орман өртін сөндіру станциялары қызметкерлерінің күшімен және "Қазавиаорманқорғау" РМҚК авиаборты шағын алаңдарда дер кезінде анықталып, жойылды.

Орманда өрт болған жағдайда төмендегі нөмірлерге хабарласыңыз: 78-77-32
78-77-26
87056019680 101

Ормандарды өрттен сақтау-әрбір азаматтың парызы. Сондықтан, қоғамды табиғатқа ұқыпты қарауға және барынша өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз.
Қоршаған ортаны өрттен бірге сақтайық!

Грозовые разряды – причина пожара

Летом грозы встречаются довольно часто. Грозовой разряд характеризуется большими токами, а его температура доходит до 300 тысяч градусов. Последствия такого природного явления могут быть весьма плачевными. К сожалению, за красотой сверкающей молнии скрывается страшная опасность - молнии могут быть причиной пожаров.

На территории резервата 90% пожара от общего случаев происходят по причине грозовых разрядов, проникающие в ствол дерева, в последствии происходит возгорание.

На сегодняшний день по резервату насчитывается 8 случаев пожара по причине грозовых разрядов, которые своевременно обнаружены и ликвидированы на малых площадях силами работников лесопожарных станций резервата и авиабортом РГКП "Казавиалесоохрана".

В случае обнаружения пожара в лесу свяжитесь с номерами ниже:
78-77-32 78-77-26 87056019680 101

Сохранение лесов от пожаров-долг каждого гражданина. Поэтому призываем общественность региона бережно относиться к природе и соблюдать максимальную пожарную безопасность.

Давайте сохраним окружающую среду от огня вместе!

Сырым Шәріпханов Павлодар облысы орман шаруашылығының орман өрттерін жоюға әзірлігімен танысты

ҚР ТЖ министрі «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында орман өртін сөндіру бойынша практикалық жұмысты бағалады.

Іс-шараны орман өрттерін жою кезінде әртүрлі ведомстволар мен ұйымдардың іс-әрекеттерін үйлестіру мен келісуді пысықтау мақсатында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өткізді.

Сырым Шарипханов ознакомился с готовностью лесхоза Павлодарской области к ликвидации лесных пожаров

Министр по ЧС РК оценил практическую работу по тушению лесного пожара на территории природного резервата «Ертіс орманы».

Мероприятие проводилось Комитетом лесного хозяйства и животного мира МЭПР РК с целью отработать координацию и согласованность действий различных ведомств и организаций при ликвидации лесных пожаров.

Трансшекаралық оқыту-жаттығу

Қазақстан Республикасының Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының Төтенше жағдайлар департаменті мен Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алтай өлкесі бойынша Бас басқармасы арасындағы шекаралас аймақтарда 2021-2023 жж. бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу жоспарына сәйкес, 2023 жылғы 20-21 маусым аралығында Алтай өлкесінің Михайлов ауданында мемлекеттердің шекаралық және іргелес аумақтарында туындайтын табиғи өрттерді сөндіруге әрекет ету бойынша мемлекеттік органдар мен күштердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша бірлескен оқу-жаттығу өтті.
Бұл жаттығуға РФ Алтай өлкесінің ТЖМ және "Ертіс орманы" РММ күштері мен құралдары қатысты, сондай-ақ Ресей ТЖМ орталық аппаратының өкілдері мен Беларусь Республикасының ТЖМ бақылаушылары қатысты.
Оқу-жаттығу барысында «Шекара маңындағы аумақтарда табиғи өрттерді сөндіру кезінде бірлескен іс-қимылдарды пысықтау» тақырыбында конференция өтті.
Оқытудың негізгі міндеттері:
- ірі дала және орман өрттерін жою бойынша, оның ішінде өрттің елді мекендерге және іргелес мемлекеттің аумағына таралу қаупі төнген кезде бірлескен іс-қимыл мәселесі бойынша бөлімшелердің өзара іс-қимыл мәселесін пысықтау.
- қалыптасқан жағдайға және күштер мен құралдарды тарту жоспарына сәйкес, сондай-ақ іргелес облыспен және мемлекетпен өзара іс-қимыл жөніндегі жоспарлар мен нұсқаулықтарға сәйкес күштер мен құралдарды тарту және арттыру. 
-күштер мен құралдарды басқару бөлігінде өрт сөндіру штабының жұмысын жетілдіру, ірі орман және дала өрттерін сөндіруде материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Назар аударыңыз "Ертіс орманы" МОТР РММ аумағындағы ормандарға кіруге қатаң тыйым салынады!

«Ертіс орманы» МОТР РММ ауа райының жоғары температурасы және құрғақ екпінді желге байланысты аумақта өрт қауіпсіздігінің жоғары класы туралы ескертеді. Осыған байланысты орман өртіне жол бермеу үшін келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.
ОРМАНДА ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Жанып тұрған темекі қалдықтарын, сіріңкені тастауға
Шыны заттарды қалтыруға (бөтелке)
Арнайы жабдықталмаған жерде автокөлікті қоюға
Майланған немесе жаңғыш заттармен сіңген материалдарды тастауға
ОТ ЖАҒУҒА БОЛМАЙДЫ:
Жас қарағай көшеттерінің жанына
Кепкен шөптер бар жерлерде
бүлінген орман учаскелерінде
ОРМАНДА ӨРТ АНЫҚТАЛҒАН ЖАҒДАЙДА
ТӨМЕНДЕГІ НӨМІРЛЕРГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ:
78-77-32
78-77-26
87056019680
101

Құрметті өңір тұрғындары!

Жоғары ауа температурасына және өрт қауіптілігінің жоғары V класына байланысты «Ертіс орманы» табиғи резерватының орманына кіруге қатаң тыйым салынады.
Ормандарды өрттен сақтау-әр азаматтың міндеті. Сондықтан өңір жұртшылығын табиғатқа ұқыпты қарауға және өрт қауіпсіздігін барынша сақтауға шақырамыз. Қоршаған ортаны өрттен бірге сақтайық!
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
ЕҚТА аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл 100 және одан жоғары АЕК құрайды.
Егер өртті өз күшімен жою мүмкін болмаса, ол туралы келесі телефон арқылы орман күзеті немесе ТЖ қызметкерлеріне хабарлауды ұмытпаңыз.
8 (71836)32-2-22, 8 (7182)78-77-32 немесе 101.
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАҢЫЗ!

Орман орналастыру-мемлекеттік маңызы бар іс

Ағымдағы жылдың 31 мамыр күні «Ертіс орманы» табиғи резерватында орман шуаруашылығы үшін ерекше маңызға ие орман орналастыру жұмыстары басталды. Резерват аумағында соңғы орман орналастыру жұмыстары 2003 жылы өткен болатын.
Маңызды жұмыс Садықашы орманшылығында «Орман орналастыру» бойынша оқу-жаттығудан бастау алды. Оқу-жаттығулар Қазақ орман орналастыру кәсіпорнының басшылығымен таксациялық құралдар мен аспаптарды (биіктік өлшегіш, толықтометр және т.б.) қолдана отырып жүргізілді.
Резерват және Аумақтық инспекция басшылығы, Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мамандары және Павлодар облысының 100-ден астам орманшылары қатысты.
Орман орналастыру кезінде ғана ормандардың жай-күйі туралы, орман қоры жерлерінде болып жатқан өзгерістер туралы, Орман шикізатын пайдалану нормативтері туралы объективті және толық ақпарат алуға, сондай-ақ орманның экологиялық орнықты жай-күйін ұстап тұру үшін жағдай жасауға болады.

Резерват аумағында өртке қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Орман өрттерін алдын алуда, дұрыс жабдықталған минералданған жолақ маңызды рөл атқарады. Минералданған жолақ-бұл жасанды түрде жасалған өртке қарсы тосқауыл. Ол орман алқабымен шектесетін аумақтың учаскесін жанғыш материалдардан тазарту арқылы жасалады. Биылғы жылы резерваттың 10140 шақырым аумақта минералды жолақтарға күтім жасау және 570 шақырым жаңа жолақтар құру жоспарланған, қазіргі уақытта 900 шақырым жолаққа күтім жасалып, 30 шақырым жаңа жолақтар құрылды.

Адам мен табиғат үшін маңызды күн

22 мамыр, бүкіл әлемде Халықаралық биологиялық әртүрлілік күні атап өтіледі. Мерекені 2000 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы құрды.

Ал күн кездейсоқ таңдалмады. Дәл осы күні биологиялық әртүрлілік туралы Конвенция қабылданды.

Халықаралық биологиялық әртүрлілік күнінің басты міндеті-жер бетіндегі көптеген флора мен фаунаның жойылып кету проблемасына қоғамның назарын аудару.
Планетадағы тіршіліктің әртүрлілігін сақтау үшін күресудің бір жолы-өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қорғау, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты қарау.

"Ертіс орманы" орман табиғи резерваты ең маңызды функциялардың бірі - бүкіл аумағында табиғаттың биоалуантүрлілігін сақтау. Табиғатқа жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін сақтауға көмектесу бұл біздің планетамыздың бай болашағына кішкентай қадам.

31 бет. Барлығы: 40

  • 26
  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы