Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Құжаттар
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский

rezervat@mail.kz

Жаңалықтар

Аң аулауға тыйым салынады!

Күн сайын аңшылықтанушылар  мемлекеттік инспекторлармен және ТКжНҚ бөлімінің мамандарымен, сондай-ақ табиғатты қорғау полициясымен бірлесіп ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша патрульдеу жүргізеді.

"Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында аң аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынады. Жануарларды заңсыз аулап табиғатқа орны толмас зиян келтіргені үшін азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулағаны үшін залал 3-коэффициентке көбейтіледі.

Мысалы, 2024 жылы ЕҚТА аумағында заңсыз өндірілген елік үшін келтірілген залал 2 769 000 теңгені құрайды.

Егер Сізге заңнаманы бұзу фактілері белгілі болса, белсенді азаматтық ұстанымды көрсетуді, осы фактілер туралы 87182 78 77 32 орман күзетіне немесе 102 пультке дереу хабарлауды сұраймыз.

Табиғатты қорғау заңнамасының ережелерін сақтаңыз! Табиғатты қорғаңыз. 

Бесқарағай филиалының аңшылықтанушысы  Е. Исатаев

Қысқа дайындық!

Биологиялық әртүрлілікті сақтау "Ертіс орманы" табиғи резерватының басты міндеттерінің бірі болып табылады, жануарлар дүниесін қорғау мақсатында аңшылықтанушылар күн сайын биотехникалық іс-шаралар жүргізеді.

 «Қыстың қамын жазда ойла» демекші, жаз шығып,  еңбек науқаны басталысымен  қаһарлы қысқа тыңғылықты дайындалу жұмыстары басталатыны белгілі. 

Осы орайда "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аңшылықтанушылары Аққулы және Шарбақты  аудандарының қарағай ормандарында мекендейтін жабайы жануарлардың қыстауына дайындалуда.

Қазіргі уақытта аңшылықтанушылар азықтандыру алаңдарын, сондай – ақ бірегей таспалы борларда бұғы-бұлан, елік тұқымдастарына арналған жусан,қайын,көктерек өсімдіктерден 2000 дана азықтық сыпырғыштар және 50 центнер шөп дайындалды.

Алдағы қыстауға мұндай дайындық орман тұрғындарына көптеген қиындықтарды және қыста аштықты жеңуге мүмкіндік береді.

Күнделікті аңышылқтанушылар жануарлар дүниесін қорғау бойынша бекітілген орман аумағында патрульдеу жүргізуде.

Осы жылдың басынан бастап резерват аумағында орман күзетінің адал жұмысының арқасында браконьерлік оқиғалары тіркелген жоқ.

ӨРТСІЗ ШАБЫНДЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Резерват аумағында орман өртін алдын алу бойынша іс-шаралар өткізілуде.
Демалыс күндері резерваттың мемлекеттік иснпекторлары орман шаруашылығы ардагері Махметолла Мусинмен бірлесіп шабындық кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірмелер жүргізді.
Пішен шабу кезде, өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауды сұраймыз:
1. Орман алқабының маңында сабандарды өртемеу;
2. Ауыл шаруашылығы жерінде өрт жасамау;
3. Пайдалануға жарамды жабдықтау жүйесі мен жарамды ұшқын сөндіргіші бар автотракторлық техникаларды пайдалану;
4. Далада сөндірілмеген шылым қалдықтары мен сіріңкелерді тастамаңыздар.
Өрт орман алқабына кіріп кетуі мүмкін екенін естеріңізде сақтаңыздар.
Орманда Өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының іс-жүзіндегі заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Халықты орманды дала өртін байқап қалған жағдайда, өрт туралы резерваттың орман қорғау жұмыскерлеріне немесе 101 нөміріне ТЖ қызметіне хабарлауларыңызды сұраймыз.

ОРМАН ӨРТІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2024 жылғы 16 тамызда сағат 09:00-ден 12:00-ге дейінгі кезеңде «Ертіс орманы» МОТР РММ мемлекеттік орман қоры аумағында филиалдардың орман күзеті және орман өрт сөндіру қызметтерлерінің және Қазавиаорманқорғау қызметкерлерінің күштерімен 6 орман өрті жойылды.
Өрттердің себебі: найзағай разряды.
Жедел анықтаудың және оларды сөндіру үшін уақтылы қабылданған шаралардың арқасында өрттер ерте кезеңде жойылды.

Қысқа дайындық!

Биологиялық әртүрлілікті сақтау "Ертіс орманы" табиғи резерватының басты міндеттерінің бірі болып табылады, жануарлар дүниесін қорғау мақсатында аңшылықтанушылар күн сайын биотехникалық іс-шаралар жүргізеді.
«Қыстың қамын жазда ойла» демекші, жаз шығып, еңбек науқаны басталысымен қаһарлы қысқа тыңғылықты дайындалу жұмыстары басталатыны белгілі.
Осы орайда "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аңшылықтанушылары Аққулы және Шарбақты аудандарының қарағай ормандарында мекендейтін жабайы жануарлардың қыстауына дайындалуда.

 

Read more ...

ӨРТТЕРСІЗ ПІШЕН ШАБУ

Қазіргі уақытта пішенді жинау мен мал азығын (қатқыл жемді) әзірлеу бойынша ауылшаруашылық жұмыстарының нағыз қызған кезі. Жұмыстарды жүргізу уақытына келетін (тап болатын) ыстық, құрғақ ауа райы, жанар-жағармай материалдарының, ауыл шаруашылық техника санының көптілігі өртке қауіпті жағдайды тудырады. Пішен шабуда және пішенді сақтау орындарында өрттер болуының басты себебі ауылшаруашылық техникаларының өртке қарсы жағдайы бойынша талаптарды бұзуы немесе дала жағдайларында отты абайсыз қолдануы болып табылады.

Пішенді жинау науқанында өрттерге жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігінің Ережелерін қатаң сақтау қажет: шаруашылық басшысында болатын (болуы керек) арнайы журналға қол қоя отырып, пішен жинау науқанының басталуына дейін оған қатысатын барлық адамдар өртке қарсы нұсқаудан өтеді. Жинайтын агрегаттар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен (комбайндар – екі өрт сөндіргішпен, екi тiк күрекпен және екi сыпырғышпен; тракторлар - бiр өрт сөндiргiшпен, бiр күрекпен, бір сыпырғышпен) жабдықталуы керек. Пішен жинау науқанына қатысатын барлық ауылшаруашылық техникасы дұрыс ұшқын сөндіргіштермен, ретке келтірілген тұтандыру (от алдырғыш), қоректендіру, майлау жүйелерімен жабдықталуы қажет. Ұшқын сөздіргіштер деп сөндіргіштерден ұшқындардың шығуын болдырмайтын ұсақ саңылауларымен торлы сөндіргіштен пайдаланылған газдың шығуындағы құрылғыны атайды. Белгіленген тәртіпте тіркеуден өтпеген, қолдан жасалған әр түрлі техниканы пішен шабу үшін қолдануға тыйым салынады. Дала жағдайларында пісіру жұмыстарын жүргізуге немесе ашық отты қолдануға жол берілмейді. Пішен сарайының аумағы периметр бойынша үймекпен (үйінді дуалмен) үйіп бекітілген немесе дуалмен (албармен) қоршалған. Маяларды орналастыратын алаңдары алқаптың периметрі бойынша ені 4 м. кем емес жолдарымен жыртылуы және найзағай қорғанышымен жабдықталуы керек. Пішен сарайларында өрт бола қалған жағдайда оны сөндіру үшін сумен қамтамасыз етілгені жөн. Пішен маялары жыртылу шегінен 4 метрден кем емес, ғимараттардан немесе құрылыстардан 50 метрден кем емес, автомобиль жолдары мен электр беретін құрылғыларға дейін 20 метр қашықтықта орналасуы қажет. Маялар арасындағы ара қашықтық 20 метрден кем болмауы тиіс, бір мая тұратын алқаптың аумағы 150 шаршы метр. Пішен шабу науқаны уақытында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі тікелей пішен шабумен айналысатын жеке тұлғаларға және шаруашылықты жүргізетін субъектілердің басшыларына жүктеледі.

ПІШЕН ШАБУ КЕЗІНДЕГІ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ!

Бүгінгі күні, біздің аймақта “Ертіс орманы” резерватының орман алқабынаң аумағының маңында ауыл шарушылығын қалыптастыру жерлерінде пішен шабу және егістік жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты, аталған жұмыстарды жасаған кезде, өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауды сұраймыз:
1. Орман алқабының маңында сабандарды өртемеу;
2. Ауыл шаруашылығы жерінде өрт жасамау;
3. Пайдалануға жарамды жабдықтау жүйесі мен жарамды ұшқын сөндіргіші бар автотракторлық техникаларды пайдалану;
4. Далада сөндірілмеген шылым қалдықтары мен сіріңкелерді тастамаңыздар. Өрт орман алқабына кіріп кетуі мүмкін екенін естеріңізде сақтаңыздар. Орманда Өрт қауіпсіздігінің ережелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының іс-жүзіндегі заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Халықты орманды дала өртін байқап қалған жағдайда, өрт туралы резерваттың орман қорғау жұмыскерлеріне немесе 101 нөміріне ТЖ қызметіне хабарлауларыңызды сұраймыз.

ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

“Ертіс орманы” МОТР РММ аумағында жабайы жануарлардың санын сақтау және ұлғайту мақсатында аңшылықтанушылар күн сайын жануарлар дүниесін қорғау және биотехникалық іс-шаралар кешенін жүргізеді.
Жаздың ыстық мезгілінде жабайы жануарларды сумен қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ, негізгі биотехнологиялық шаралардың бірі-жасанды суару құрылғылары болып табылады. Осы орайда аңшылықтанушылар жасанды суару құрылғыларын тазалап отырады.
Құрғақ климатқа байланысты биотехникалық шаралардың бұл түрі маңызды. Сусыз тіршілік жоқ. Су ресурстарының арқасында орман тұрғындарының саны төмендемейді, тек көбейеді.

ҚАУІПСІЗДІК АЛАҢЫНДА. ЖЕМ-ШӨП ДАЙЫНДАУ ОРЫНДАРЫНА РЕЙДТЕР

Орман қорғау бөлімінің қызметкерлері шөп шабу орындарда шабындық кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейд барысында техниканың жай-күйі тексеріліп, аудан тұрғындарымен тиісті нұсқаулық өткізіп, жадынамалар таратылды.

Өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің талаптары орындалмаған жағдайда ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының басшылары, жауапты тұлғалар мен азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

 

2024 жылдың 24 шілдеде «Ертіс орманы» табиғи резерваты бас директорының м.а. Әметов Қазбек Қасымұлы азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді.

Қабылдау мекенжайы: «Ертіс орманы» табиғи резерватының ғимараты
Қабылдау уақыты: 15.00-ден 17.00-ге дейін.
Кез келген адам өз сұрақтары мен ұсыныстарын айта алады
Келесі телефондар арқылы жазыла аласыздар:
8(7182) 787733, +7 (777) 5450945

33 бет. Барлығы: 53

  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36
  • 37


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы