Жаңалықтар
Өрт қаупі бар кезеңде мемлекеттік орман қорының аумағында мыналарға жол берілмейді:
- қылқан жапырақты жас шыбықтарды, өртенген учаскелерде, зақымдалған орман учаскелерінде, ағаш кесу қалдықтары мен дайындалған ағаш кесілген жерлерде, кепкен шөптер бар жерлерде, сондай-ақ ағаш бұталарының астында өрттерді жағуға;
- жанар-жағар май сіңген материалын арнайы қарастырылмаған жерлерде қалдыруға;
- іштен жану қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған кезде жанармай бактарын толтыру, қозғалтқыштың қуат жүйесі ақаулы машиналарды пайдалану, сондай-ақ жанармай құйылатын машиналардың жанында темекі шегу немесе ашық отты пайдалану.
Мемлекеттік орман қоры жерлерінде және орман қорына тікелей іргелес учаскелерде, сондай-ақ қорғаныш және көгалдандыру екпелеріне орман алқаптарында, шалғындарда, жайылымдарда және сабандарда шөптерді, бұталарды өртеуге тыйым салынады.
Тұқымбақ қызметкерлері жұмыс жоспарларына сәйкес екпелеріге күтім жасау жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда бір жылдық орман екпелерін арамшөптен тазалауда. Ауа-райының түрлі қолайсыздығына қарамастан тұқымбақ қызметкерлері тынбай еңбек етуде. Орман екпелерін өсіруде арамшөптерден уақытылы, әрі сапалы тазалау екпелердің белсенді өсу, даму үшін жеткілікті мөлшерде жарық пен ылғал, қоректік заттар алуна оразан зор септігін тигізеді.
Ағымдағы жылдың 03 маусымында туризм бөлімінің мамандары - "Лешкина тропа" туристік соқпағында абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Соқпақ қарағайлы орманмен өтеді, онда әдемі ландшафт, таза және хош иісті ауа, туризм мамандарының қолымен жасалған ертегі кейіпкерлері бар.
Туристттік соқпақта жайлы демалыс үшін көрсеткіштер, демалу үшін орындықтары бар үстелдер қарастырылған.
Барлық ертегі кейіпкерлері ретке келтірілді. Сондай-ақ, комсомол Степан Шайтановтың Садықашы ауылындағы ескерткіші ақталып, боялды.
Резерват аумағындағы туристтік соқпақтар мен «Қарағай алаңы» қонақтарға арналған үй бойынша толық мағұлматты келесі байланыс нөмірі арқылы ала-аласыздар: 87054723799 87779542032
Жыл сайын 5 маусымда әлем Дүниежүзілік қоршаған орта күнін атап өтеді. Бұл күн 1972 жылы БҰҰ тарапынан бекітілген және табиғатты қорғау мәселелеріне назар аударуға арналған.
Қоршаған орта – біздің ғаламшарымыздың болашағының кепілі. Алайда бүгінгі таңда табиғат ластану, ормандардың жойылуы, климаттың өзгеруі және биологиялық әртүрліліктің азаюы сияқты қауіп-қатерлерге тап болуда.
Резерватымыз табиғатты қорғауға өз үлесін қосуда. Біздің бастамаларымыз:
- экологиялық білім беру шараларын ұйымдастыру,
- ғылыми зерттеулер жүргізу,
- экожүйелерді қалпына келтіру және қорғау.
Осы ерекше күні біз әрбір адамды табиғатты қорғауға үлес қосуға шақырамыз:
- ресурстарды үнемдеу,
- тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау,
- экологиялық жобаларға қолдау көрсету – бұл біздің табиғатқа қамқорлығымыздың көрінісі.
Болашақ үшін табиғатты бірге қорғайық!
Мұражай - әр елдің тарихын, салт - дәстүрін, мәдениетін танытатын құндылық.
«Жас орманшы» мектеп орманшылығының мүшелері Парктер шеруі табиғатты қорғау акциясы аясында Шарбақты, Галкин, Александровка ауылдарындағы өлкетану мұражайларына саяхатқа барды.
Мақсаты: оқушыларды мұражаймен таныстыру, оқушының танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту.
Павлодар облысына жұмыс сапарымен "AMANAT" КДО партиялық бақылау департаментінің директоры Дәурен Бижуманов және КДО КДП инспекторы Венера Есілбаева келді. Партиялық бақылау департаментінің мүшелері Шарбақты ауданындағы "Ертіс Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Шалдай филиалына барды.
"Біздің жұмыс тобымыз ШҚО-дағы Катонқарағайға, Абай облысының Семей орманына барып, өрт қауіпті кезеңге материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кадрлық қамтамасыз ету, жалақы мәселелерін қарастырды. Бүгінде елімізде кадрлық қамтамасыз ету мәселесі бар. Ауыр жұмыс және еңбек ақының аз төленуі, бұл жұмыс күшін аз айналымға әкеледі. Кейде бір орманшы 6 мың гектарға жуық жерді қамтамасыз етуге мәжбүр болады, бұл өте маңызды жұмыс майданы", - деп атап өтті Дәурен Бижуманов.
Партиялық бақылау департаментінің мүшелері орманды санитарлық тазалауды келісудің ұзақ мерзімін республика бойынша тағы бір проблема деп атады. Кейде құлаған немесе кептірілген ағашты жинау туралы шешім алты айға созылуы мүмкін екендігі атап өтілді.
Қабылдау кезінде жұмысқа орналастыру бойынша мәселелерді және басқада сауалдар жан-жақты талқыланып, шешімі табылды.
Қабылдауға келесі байланыс номірлері арқылы жазылуға болады:
8(71836) 3-22-52 қабылдау бөлімі.
8(777)545-09-45 ұялы телефон
Сіздің абайсыздығыңыз көптеген адамдардың өліміне, сондай-ақ орманның жойылуына әкелуі мүмкін. Сақ болыңыз! Табиғатты қорғаңыз!
Маңызды нөмірлер:
Орман күзеті:
8(7182) 78-77-32
8(71836)32-2-22
8(71836)32-2-72
87056019680
Жедел қызметтерді шақырудың бірыңғай нөмірлері -112, 101.
Табиғи резерват бас директорының м.а. Қазбек Әметов ағымдағы жылдың 23 мамырында Бесқарағай филиалының жұмысына бақылау жасау мақсатында филиалдың бірқатар нысандарын аралады.
Атап айтқанда орман өрт сөндіру станциясында, автокөлік паркінде, диспетчерлік қызмет бөлімінде және филиал тұқымбағына барды.
Өрт сөндіру станциясының қызметкерлерімен тілдесіп, ұсыныстарын жазып алынды, кейбіреуіне сол жерде түсіндірмелер берілді.
Техника мен жабдықтардың жай күйін тексеріп, филиал директорына өрт қауіпті кезеңі мен орман қалпына келтіру жұмыстары кезінде техниканың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жоғарыда атап өтілген жұмыстардың барлығы бас директордың қатаң бақылауында.
21 мамырда «Ертіс орманы» табиғи резерваты мамандары Шарбақты ауданының мансап орталығымен бірлесіп Галкин ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Мұндағы мақсат- резерватта сұранысқа ие мамандықтар бойынша тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасу. Қатысқан жұмыссыз азаматтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу ұсынылды.
Кездесу соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.