Жаңалықтар

Бүгін 10 желтоқсан күні орман шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкерлерінің бірі Ержан Ғазизұлы Сағадиевтің 60 жас мерейтойы.
Орман шаруашылығындағы еңбек өтілі 30 жылдан астам. Орман шаруашылығындағы еңбек жолын 1988 жылы Бесқарағай ТШПП Солтүстік-Бор орман шаруашылығында орманшының көмекшісі болып бастаған Ержан Ғазизұлы, орманшы, кәсіпорнының орманды қорғау инженері, орман шаруашылығының жетекші инженері, табиғатты пайдалану инженері, Бесқарағай филиалы директорының орынбасары, Бесқарағай филиалының директоры лауазымдарында жұмыс атқарды.

Жыл сайын желтоқсанда мереке жақындаған сайын халық арасында жаңа жылдың символы шыршаға сұраныс артады.
Жаңа жыл қарсаңында «Ертіс орманы» МОТР РММ жас қылқан жапырақты ормандарды қорғауды күшейту мақсатында бұйрық құрды.
1 желтоқсаннан бастап 19 рейдтік мобильді топ әзірленген маршрут пен кесте бойынша орман қорын күзетеді.
Орманшылар үшін желтоқсан - қарбалас кезең, олар күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Туристік маршрут Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, «Ертіс орманы» МОТР РММ-нің Шалдай филиалының Садықашы орманшылығының аумағында (24 телім 28 орам) орналасқан.
Туристтік маршрутқа жыл басынан келушілер саны 7000-нан астам адамды құрады.
Маршрут орман екпелерінің құрамы ерекше және өзінің әсемдігімен және экологиялық таза ауасымен ерекшеленетін таспалы бордың аумағы арқылы өтеді.
Кесене аумағында түнеуге болатын барлық жағдай жасалған үй бар.
Маршрут аумағында келушілерді "шырақшы" (нұсқаушы) қарсы алып, барлық сапар уақытында бірге жүреді.
Ағымдағы жылдың 18 қараша күні орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті өткізген «ЕҚТА-да ғылыми қызмет жүргізу» бойынша жиналыста ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің мамандары "Ертіс орманы" МОТР РММ ғылыми қызметі бойынша есеп берді және мәселелік сұрақтар көтерілді.

Иван Иванович Калинин Алтай өлкесінде дүниеге келген. 1978 жылы Шақа орта мектебін бітірген соң, Бесқарағай мехорман шаруашылығына радиооператор болып жұмысқа орналасады. 1979-1981 жылдары-Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеді. 1981 жылдың қарашасынан бастап Чалдай мехорман шаруашылығына байланыс инженері болып қабылданады. 2000 жылдың сәуірінен 2003 жылдың сәуіріне дейін Шалдай орманшылығында орманшы қызметін атқарды. Иван Иванович 2003 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Ертіс орманы" МОТР РММ басқармасының радиобайланыс инженері болып жұмыс істейді. Оның өмірбаяны шағын, бірақ "Ертіс орманының" дамуына қосқан үлесі орасан зор. Резерваттағы барлық радиобайланыс осы адамның арқасында жұмыс істейді. Ол қарапайым адам. Ұжымда сыйлы.

Ағымдағы жылдың 15 қараша күні табиғи резерват ғимаратында резерваттың бас директоры Арман Досымханұлы, Павлодар облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Руслан Мәлікұлы және орынбасары-әдеп жөніндегі уәкілі Қайрат Болатұлы "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Мекемелердегі сыбайлас жемқорлық жағдайларын талдау." тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналысқа табиғи резерваттың инженерлік құрамы, мемлекеттік инспекторлар қатысты.

Семинарды БҰҰДБ мамандары Т.С.Кертешевтің жетекшілігімен өткізді.
Басқарудың жаңа жоспары бюджеттік өтінім беру кезінде маңызды құрал болады.
БЖ-ның маңызды бөлігі-мекемеге қойылған міндеттерді анықтау және шешу әдістері, проблемалық мәселелерге шығармашылық көзқарас.

Қазіргі уақытта аңышылқатанушылар бұғы – бұлан, елік тұқымдасына 2000 дана көктерек, қайың, жусаннан азықтық сыпырғыштар және 50 центнер шөп дайындады. Бұл азықтар резерват аумағында мекендейтін жануарлардың қыстан шығуына және аймақта санының өсуіне орасан зор септігін тигізбек.

25.10.2022 ж. Павлодар облыстық көркемсурет мұражайының өкілдері "Ертіс орманы" табиғи резерватының басшылығын, сондай-ақ туризм және экологиялық ағарту бөлімін Республика Күнімен және "Орман шаруашылығы қызметкерлерінің" кәсіби мерекесімен құттықтау мақсатында келді.

2022 жылғы 25 қазан күні «Ертіс орманы» табиғи резерватының бас директоры Арман Досымханұлы Бектеміров «Бейнелеу өнерін дамытып насихаттау аясында жүзеге асырылған ауқымды іс-шараларды ұйымтасыруда ынтымақтастық пен қолдау көрсеткені» үшін Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарамасының алғыс хатымен марапатталды.