Ертіс орманы
  • Басты бет
  • Резерват туралы
      • Back
      • ЕҚТА паспорты
      • Тарихы және орналасқан жері
      • Қызметкерлер туралы
  • Байланыс ақпараты
  • Табиғат
      • Back
      • Табиғи жағдайлар
      • Жануралар әлемі
      • Өсімдік әлемі
  • Туризм
      • Back
      • Лешканың жолы
      • Мавзолей Габдул Уахит Хазрет
      • «Ғабдұл Уахит Хазрет» туристтік маршруты
      • Біл, өз өлкеңді таны
      • Ережелер
      • Тарифтер
  • Жаңалықтар
  • Басшысының блогы
  • Сенім телефоны
  • Құжаттар
  • Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
      • Back
      • Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Select your language

  • Русский

rezervat@mail.kz

Жаңалықтар

Көшеттер ормандарға отырғызуға дайындалуда

Табиғи резерватта резерватты отырғызу материалымен толық қамтамасыз ететін 2 тұрақты орман тұқымбағы бар бар. 
Ағымдағы жылы резерваттың орман тұқымбақтарында 13,0 млн.данадан астам отырғызу материалы өсірілді. 
Шалдай және Бесқарағай орман тұқымбақтарында  Орман отырғызу материалын қазу жұмыстары жүргізілуде.
 Ағаш өсірушілер екі жасқа толған қарағай көшеттерін тамыры 25-30 см тереңдікте кесіледі тракторлардың көмегімен жер қабатын төңкермей көтеру арқылы жүргізіледі.
Орман дақылдарын күзгі отырғызу 1498 гектар жерге шамамен 8,4 миллион көшет отырғызу жоспарланған.

 

Марапат

27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күніне орай Ведомстволық комиссия шешімімен «Ертіс орманы» МОТР РМ мекемесінің эко ағарту маманы Рахметов Ермек Балтаевич Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің ведомстволық «Туристік қызмет саласындағы үлесі үшін» наградасымен ресми марапатталды.
Марапаттау рәсімі 2023 жылғы қыркүйектің 27-сі Алматы қ-сы, «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтті.
Сонымен қатар, көпжылғы еңбегі мен жоғары кәсібилігі және Қазақстанның орман шаруашылығы саласындағы эко ағарту ісіне қосқан зор үлесі үшін Бүкіләлемдік туризм күніне орай Қазақстанның «Орман салалары қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» Қоғамдық бірлестігінің Орталық кенесінің Құрмет грамоталарымен Абаилдинова Дамеш Баянжановна және Омарова Дариға Сүлейменқызы марапатталды.

Резерват аумағында өте сирек кездесетін ПАВЛОВ РАУШАНЫ өседі.

Өте сирек кездесетін шектеулі эндемик түр.
Түр Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Биіктігі 45-60 см, тік бұта, қысқа ине тәрізді тікенектері болады.
Жапырақтары кері-жұмыртқа пішінді, саны 5-7. Гүлдері жалғыздан ақшыл-қызғылт.
Жемістері ірі диаметрі 15-17 мм-ге жетеді, шартәрізді.

ЕҚТА-ны пайдаланғаны үшін төленгенін растайтын құжат келушінің МОТР аумағында болуының соңына дейін сақталуға тиіс.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ресми сайтында хабарланғандай, ағымдағы жылдан бастап өткізу құны 345 теңге (ҚР Салық кодексінің 589-592-баптарының негізінде өткізу құны ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін әрбір жеке және заңды тұлғадан 0,1 АЕК мөлшерінде салық аударымы болып табылады).
Жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға, ағаштар мен бұталардың бұзылуына және кесілуіне, орман дақылдарының зақымдануына, жабайы өсетін орман ресурстарын, дәрілік шикізатты олардың өсімін молайтуға зиян келтірмейтін мерзімдерде және тәсілдермен жинауға міндетті.
⠀Орман заңнамасын бұзған адамдарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.
⠀Рұқсат құжаттарынсыз ЕҚТА жерлеріне бару жеке тұлғалар үшін ескерту беруге немесе 5 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады. Ал ҚР ормандарында – ЕҚТА да өрт қауіпсіздігі және санитарлық ережелер талаптарын бұзғаны үшін 367-баптың 3-тармағына сәйкес, жеке тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

«Ертіс орманы» МОТР РММ

«Ертіс орманы» МОТР РММ
ЕСКЕ САЛАДЫ
ОРМАНҒА ЖИНАЛДЫҢЫЗБА-ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ
ОРМАНҒА БАРАР АЛДЫНДА:
Туыстарына (достарына, таныстарына) аудан, маршрут және қайту уақыты туралы хабарлау.
Бағдарлаудың негізгі ережелерін, баратын орынның картасын зерттеу.
Көзге көріну үшін жарқын киініңіз. Аяқ киім ыңғайлы болуы керек.
Мүмкін болса, орманға жалғыз бармаңыз.
АДАСПАУ ҮШІН:
Жолдан шықпаңыз, жолды кесіпеңіз
Бағдарларды есте сақтаңыз (биік ағаш, ағын,соқпақтар,алаңдар)
ЖАҚЫНДАРҒА КЕҢЕС:
Егер адам орманнан шықпағаны белгілі болса, жедел қызметтерге дереу хабарласыңыз
ЕГЕР СІЗ АДАСЫП ҚАЛСАҢЫЗ:
Тынышталыңыз, үрейленбеңіз. Тек тынышталғаннан кейін Сіз дұрыс шешім қабылдайсыз.
Бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.
Дыбыстарды тыңдаңыз жолдың шуылына, иттердің үруіне және т. б.
Егер сізді іздейтініне нақты сенімді болсаңыз - орнында болыңыз.
Түнде шықпаңыз.
Қараңғы түсе бастағанда-ұйықтайтын орынды ұйымдастырыңыз.
Көлге, электр желісіне, батпақтардың шетіне, өзенге, шұңқырға, алаңға шығуға тырысыңыз. құтқарушылар ең алдымен сол жерден адасқан адамды іздейді.
ӨЗІҢІЗБЕН БІРГЕ АЛЫҢЫЗ:
Компас
GPS навигаторы
Ұялы телефон
Медициналық минимум
Азық-түлік және су қоры
Пышақ
Ысқырық
Герметикалық қаптамадағы сіріңкелер

Табиғи өртті сөндіру бойынша оқу-жаттығу өтті

Шарбақты ауданының аумағында ауданның азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін басқару органдарымен кешенді оқу-жаттығулар өткізу жоспарына сәйкес 2023 жылғы 17 тамыз күні Шалдай филиалы, Галкин орманшылығы аумағында табиғи өртті сөндіру іс- қимылдарын пысықтау бойынша тактикалық- арнайы оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығуға келесі күштер мен құралдар жұмылдырылды: «Ертіс орманы» табиғи резерваты Галкин орманшылығының өрт сөндіру станциясы, Шарбақты ауданы ТЖБ, Шарбақты ауданы ПБ қызметкерлері, Галкин ауылдық округінің өртке қарсы еріктілері және өрт сөндіру бекеті (Шегірен ауылы), Шарбақты аудандық ауруханасының жедел жәрдем қызметі.

ОРМАНЫ ОТТАН САҚТАҢЫЗ!

Өрт қаупі бар кезеңде мемлекеттік орман қорының аумағында мыналарға жол берілмейді:
- қылқан жапырақты жас шыбықтарды, өртенген учаскелерде, зақымдалған орман учаскелерінде, ағаш кесу қалдықтары мен дайындалған ағаш кесілген жерлерде, кепкен шөптер бар жерлерде, сондай-ақ ағаш бұталарының астында өрттерді жағуға;
- жанар-жағар май сіңген материалын арнайы қарастырылмаған жерлерде қалдыруға;
- іштен жану қозғалтқыштары жұмыс істеп тұрған кезде жанармай бактарын толтыру, қозғалтқыштың қуат жүйесі ақаулы машиналарды пайдалану, сондай-ақ жанармай құйылатын машиналардың жанында темекі шегу немесе ашық отты пайдалану.
Мемлекеттік орман қоры жерлерінде және орман қорына тікелей іргелес учаскелерде, сондай-ақ қорғаныш және көгалдандыру екпелеріне орман алқаптарында, шалғындарда, жайылымдарда және сабандарда шөптерді, бұталарды өртеуге тыйым салынады.

Күліңіз, сізді түсіріп жатыр

Елік пен бұлан орман камерасының объективіне түсті.
Орман камералары (камера тұзақтары) жануарларды табиғи мекендеу орындарында бақылау үшін қолданылады.
Фото тұзақ жерлерде үнемі әр түрлі орнатылады. Аңшылықтанушылар апта сайын айналып өтіп, камера тұзақтарын тексереді. Көбінесе суреттердің кейіпкерлері орман тұрғындары болып табылады, олар өздерінің өмірін жасырын түрде бақылап отырғанын білмейді. Қауіпсіз жасырылған және құрылғы резерваттың орманды алқабында тұратын аңдарды ғана емес, сонымен қатар браконьерлерді аулауға көмектеседі.
Табиғи резерват аңышылықтанушылары егетін жемшөп алқаптары, тұзжалақтар, жасанды суару құрылғылары, азықтандыру алаңдарын азықпен толтыру жұмыстары бекер емес екенін көруге болады.
Жануарлар адамдардың "сыйлықтарын" белсенді пайдаланады.
Естеріңізге сала кетейік, "Ертіс орманы" МОТР РММ аумағында аң аулаудың барлық түрлеріне тыйым салынған.

Бұлан (Alces alces)

Еркек бұланның денесінің ұзындығы 3 м - ге дейін, биіктігі 2,3 м-ге дейін, құйрығының ұзындығы 12-13 см; салмағы 360-600 кг.аналықтары кішірек. Сыртқы түрі бойынша бұлан басқа бұғылардан айтарлықтай ерекшеленеді. Оның денесі мен мойны қысқа, құрғақ, өркеш түрінде. Басы үлкен, ілгек мұрынды, үстіңгі ерні салбыраған етті.
Бұлан - өте қызықты жануар.
Мысалы, мүйіздер жануарлардың дыбыстарды қабылдауына көмектеседі, олардың арқасында бұлан жақсы естиді.
1. Қыста қуат пен қоректік заттарды сақтау үшін бұлан мүйіздерін тастайды.
2. Бұландар алдыңғы өткiр тұяқтарының күшті соққысымен қорғанады, соққыдан тіпті аюдың өзі тірі қалмайды.
3. Аяқтары қатты созылған, сондықтан су ішу үшін бұлан суға терең түсуге немесе алдыңғы аяқтарына тізерлеуге мәжбүр болады.
 
2023 жылы резерват аумағында бұланның саны 193 басты құрады.

Прополка

Ағымдағы жылы резерват аумағында 4371,5 га көлемінде орман екпелеріне күтім жасау жұмыстары жоспарланған. Қазіргі уақытта 1054,5 га екі жылдық орман екпелері арамшөптен тазаланды. Күннің ыстығына қарамастан 200- ден астам адам тынбай еңбек етуде. Орман екпелерін өсіруде арамшөптерден уақытылы, әрі сапалы тазалау екпелердің белсенді өсу, даму үшін жеткілікті мөлшерде жарық пен ылғал, қоректік заттар алуна оразан зор септігін тигізеді.

32 бет. Барлығы: 42

  • 27
  • 28
  • 29
  • 30
  • 31
  • 32
  • 33
  • 34
  • 35
  • 36


Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

+7 7183 632 252
Адрес
Павлодарская область,
Щербактинский район,
141113 с.Шалдай, улица Ленина 60
создание сайтов ValStudio
© 1935 - 2025 Ертіс орманы